1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


–2019 жылдарға Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 жаңа бағдарламасы жасалды



бет62/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
2015–2019 жылдарға Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 жаңа бағдарламасы жасалды.
2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы өңдеу өнеркəсібіне шоғырланады. Бұл «голландық» ауруды жəне орта табыс тұзағына байланысты қарсы шығуды есепке алсақ, тіпті қажет болады. Мемлекеттік саясаттың міндеті — өңдеу өнеркəсібін өндіруші өнеркəсіп жəне құрылыспен салыстырғанда табысты теңестіру арқылы инвестиция үшін жағымды нысан ету.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 жасаушылары атап көрсетеді: «… бірінші фазада алған сабағымыз: өте көп индикаторлардың болуы қажет емес. Индикаторлардың өте көп болуы назарды жəне күшті ыдыратады. Əрқайсысы белгілі бір бағытты сипаттайтын 5 негізгі индикаторды қолдануды ұсынады. Жалпы қосылған құнның өзгеруі өсімді немесе төмендеуді көрсетеді, еңбек өнімділігі тиімділіктің өсімін көрсетеді, экспорт бəсекеге қабілеттілікті аңғартады, энергия тиімділігі ресурсты үнемдеу бойынша жалпы бағытты көрсетеді, жұмыспен қамтамасыз етілу əлеуметтік аспектіні сипаттайды».
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 — бұл өнеркəсіптік саясат. Сонымен бірге бұл бағдарламаның негізгі назары өңдеу өнеркəсібінде болмақ. Алдын ала есептеулер бойынша өңдеу өнеркəсібінде жалпы қосылған құнның өсімі 2020 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есе шамасында болуы тиіс [6]. Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 басым бағыты — қара металлургияны, түсті металлургияны, агрохимияны, өнеркəсіп үшін химиялық заттарды, машина жасауды, тамақ өнеркəсібін, мұнай өңдеу өнеркəсібін жəне мұнай-газ-химия өнеркəсібін дамыту болмақ. Əр секторында экономикалық қызметтің белгілі классификаторларымен (ЭҚБК) барлығы 14 сектор бар. Қазіргі уақытта ғаламдық деңгейде қара металлургия нарығында аса қолайлы емес жағдай туындап отырғанына қарамастан, ол экономиканың елеулі бөлігін құрайды. 2008 жылы қара металлургия барлық өңдеу өнеркəсібінің үштен бір бөлігін құраған, қазір 10 %-ды құрайды, бірақ ол өңдеу өнеркəсібінде 10%-дан артық жұмыспен қамтылуды қалыптастырады.
Келешегі бар бағыттардың бірі азық-түлік өндіру болып табылады. Бұл импортты алмастыру жағынан да, экспорт жағынан да маңызды болып келеді. Келесі сектор — агрохимия. Бізде АӨК жағынан үлкен бүркеулі сұраныс бар, біз еңбек өнімділігінің жəне ауыл шаруашылығында инновацияның артуына бағытталған аграрлық саясат оны нақты сұранысқа аударатынына сенеміз. Барлық машина жасаудан 6 сектор таңдалып алынды: автокөлік өндіру, электрлік машиналар өндіру, электрлік жабдықтар өндіру, ауыл шаруашылық техникасын өндіру, темір жол техникасын өндіру, ТМК жəне мұнай саласы үшін жабдықтар өндіру [7].
Сонымен қатар бағдарлама «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының қажеттіліктерін өтейтін құрылыс материалдары секторының дамуына бағытталған. Аталған барлық салалар Индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 бойынша қуаттандырылады. Жалпы мемлекеттік қолдаудың 80 %-ы жоғарыда аталған секторларға бағытталады. Алайда басқа секторлардың тиімді кəсіпорындарын қолдау қажет екендігін түсіне отырып, мысалы, фармацевтиканың, ағаш өңдеудің, жеңіл өнеркəсіптің жəне тағы басқалардың, оларға ресурстардың 20 %-ын қолдану ұсынылады.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 құрастырушылардың пікірі бойынша, мемлекеттік саясаттың міндеті – инновациялық жобалардың пайда болуы үшін кəсіпкерлерді ынталандыру. Дегенмен, бағдарламаны Кəсіпкерлердің ұлттық палатасымен жəне салалық қауымдастықтармен бірлесіп дайындау барысында индикативтік болашағы бар жобалар анықталды. Бағдарламаның үлгісі соларды ескере отырып жасалды, бірақ оларды қолдау туралы қорытынды шешім іріктеу көрсеткіштерімен сəйкес келгенде ғана қабылданады
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 үдемелі индустриялық- инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының орнын басушы болып табылады. Онда қолданыстағы даму институттарының жүйесі жəне қолданыстағы «Бизнестің жол картасы–2020», «Энергия тиімділігі–2020», «Экспортер–2020» жəне тағы басқа қолдау бойынша бағдарламалар пайдаланылады. Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы-2 аймақтың мамандандырылуын ескере отырып, аймақтық даму қарастырылған. Мемлекеттік саясат өңдеуші өнеркəсіпте аймақтың қалыптасқан мамандандырылуын дамыту жəне аймақта базалық факторлар мен шарттар болған жағдайда жаңа мамандандыруды құруға ынталандыру үшін жұмыс жасайды.
Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы-2 белгілі бір сапалық индикаторлар жəне сандық көрсеткіштер енгізілген. Өңдеу секторының сапалы өсімін сипаттайтын барлығы 5 индикатор бар: жалпы қосылған құн, еңбек өнімділігі, шикізаттық емес экспорттың көлемі, өңдеу өнеркəсібінің энергия сыйымдылығы жəне орнықты жұмыспен қамтылу. Алдын ала есептеулер бойынша Индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама-2 бағдарламасының құны 7 трлн теңгеден 9 трлн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Бұл бағдарламаның барлық қаржыландыру көздерін — тікелей шетел инвестицияларын, кəсіпорындардың инвестицияларын, коммерциялық сектордың — екінші деңгейлі банктердің инвестицияларын қосқандағы 5 жылға арналған құны, ал бюджеттік құралдар, сарапшылардың талдауы бойынша, бағдарламаның барлық құнының 16–20 %-ын құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет