1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні)



бет66/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81
Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні).
Жұмыс тілдері: ағылшын және орыс. Қол қою немесе қабылдау үшін ресми құжаттардың тілі ағылшын тілі болып табылады.
81. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері шешімдеріне талдаңыз (2003 ж. I-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі.).
Бүгін Астанада Әлемдік және дәс¬түрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады. Қазақстан Президенті Н.На¬зарбаев идеясы бойынша бас¬тау алған әлемдік жиын бұған дейін әрқашан жаһандық оқиғалардың шиеленісіп жатқан уақытында өткі¬зілгені белгілі. Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерген болатын. Мемлекет басшысының пайымдауынша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және заманымыздың күш көрсету, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге ықпал ететін болады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі 10-11 қазанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына әлемнің 42 елінен 80-нен астам делегация қатысады. Олардың ішінде беделді саясаттанушылар, ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, зороастризм діндерінің лидерлері, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, АМЛ (Араб Мемлекеттерінің Лигасы) және т.б халықаралық және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Биыл Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне 15 жыл толып отыр. VI Съезд «Дін көсбасшылары қауіпсіз әлем үшін» атты жалпы тақырып аясында «Манифест «Әлем. ХХІ ғасыр» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде», «Геосаясаттағы өзгермелі дін: адамзаттың бірігуі үшін жаңа мүмкіндіктер», «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндері және шешімдері», «Экстермизммен терроризмді еңсерудегі дін лидерлері мен саяси қайраткерлері» атты төрт негізгі бағыт бойынша өткізілмек.
Жуырда еліміздің өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Ке¬ңесінің отырысына қатысқан уақыт¬та әлемдегі қауіпсіздік пен тұ¬рақ¬тылықты қамтамасыз ету жолын¬да діни лидерлер мен әлемдік сая¬сат¬кер¬лер¬дің күш-жігерін біріктіру мәселесінің де өзекті екендігін мәлімдеді. Сонымен елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан айту¬лы шараның тарихына тоқтала кетейік:
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты. Съездің қатысушылары құрамының көрнекілігі мен жоғары деңгейі конфессияаралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Съездің идеясын К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен және әлемнің өзге де аса ықпалды саясаткерлері қолдады. Ауқымды шараның табысы І Съездің дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешімінде бекітілді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті. Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты.
Екінші съезд қорытындысы бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады. Бұл құжатта «қырғиқабақ идеологияны» «әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысты. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.
Үшінші форумның қорытындысы бойынша қатысушылар жұртшылықты шынайы дінаралық диалог орнату үшін діни көшбасшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қолдауға және арттыруға, діндер мен өркениеттердің өзара түсіністік пен құрметті жақсартуға бағыталған үнқатысуын қолдауға ықпал етуге шақырған бірлескен декларация қабылдады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.
IV Съезд аясында Діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Діни көшбасшылар кеңесінің мақсаты – жұмысы мәдениеттер диалогына және экономикалық өзара ықпалдастыққа бағытталған өзге де форумдар мен халықаралық ұйымдармен диалог және ынтымақтастықты қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады.
Съезд 15 жыл ішінде конфессияаралық және дінаралық қатынастар мәселелерін талқылауға арналған беделді халықаралық алаңға айналды. Біз бүгін басталғалы отырған VI съезіде де ірі халықаралық мәселелер сөз болады деп сенеміз. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан бүкіл әлемдік қоғамдастық алдында ұлттық консенсустың және қоғамды біріктірудің үлгісін көрсе білді. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша үлкен тәжірибеге ие және осы салада әрдайым тиімді ынтымақтастыққа дайын.
82. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразия идеясы. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының қызметінің басталуы. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары туралы талдаңыз.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы. Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды.
1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекше мәні болды: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пен Батыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше – ел, «еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде» орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, біз бір уақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз». Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтық бағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдері бірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру «Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәні аймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы «аралық жағдайын» түсіндірумен де маңызды. Әлем елдері еуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бар мемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жасалған негізгі тұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.
Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлеген сөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердің орындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданған міндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
Н.Ә. Назарбаев 1994 жылғы жобада Еуропалық мүддеге жергілікті, аймақтық мүдде тұрғысынан ғана қарап қоймайды. Қазақстан Елбасы нағыз болашақты болжаушы саясаткер ретінде, экономикалық бірлесудің ғаламдық дәрежедегі мәселелерін де көре білген. Осы орайда «тарих қисыны мынадай, яғни әлемдік қауымдастыққа бірігу тек жұмыла кіріскенде ғана мүмкін болмақ». ТМД елдері үшін «алыс шет елдердегі қандайда бір аймақтық экономикалық бірлестіктерге қайта бағыт алу әрекетінің жүзеге аспайтындығы айқын болды». Бірақ аймақтық бірлесу – бұл бүкіл әлем елдерінен тасалану амалы емес, керісінше, жобаның эпилогінде көрсетілгендей «XXI ғасыр қойнауына өркениеттік жолмен ену» (мүмкіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық ықпалдасу жобасы, Қазақстан Республикасының және басқа да әлем елдерінің ішінен Еуразия Одағына қатысам деушілердің, шынайы мемлекеттік егемендігінің күшейуіне бағытталған. Егеменді мемлекет және аймақтық ықпалдастық жаңа Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін екі қажетті қозғаушы күш ретінде елестейді.
Қазақстан Президентінің Еуразиялық даму тұжырымдамасы Еуразиялық жоба жарияланған соң үнемі дамытыла берді. Еуразиялық бастама әлеуетін тәжірибеде жүзеге асыру да қатар жүргізілді. Жоба аймақтық мәселелерді парасаттылықпен ұғынудың қуатты көзіне айналды.
Жобаны белсенді түрде талқылау 1994 жылы өтті. Жобаны жариялаған соң үш күннен кейін, яғни маусымның 11 күні, Н.Ә. Назарбаев «Независимая газета» да кең көлемді сұхбат берді. Мәскеу қаласында 14 маусым күні РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында өткен «Еуразиялық ықпалдастықтың болашағы» атты дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық – сараптау орталығының бастығы М.М. Тәжин баяндама жасады. Ал, шілденің 5 күні РФ Мемлекеттік Думасында өткен тыңдауда, жобаның мәні туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Т.А. Мансұров баяндап берді. Сондай-ақ, Мәскеу қаласында шілденің 18 күні Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Кеңесі мәжілісінде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ.Б. Саудабаев арнаулы хабарлама жасады. Осылайша ТМД елдерінің зияткерлік өміріне жобаның енуі басталды. Еуразиялық жобаның түсіндірілуі мен одан әрі дамуында, әсіресе үлкен роль атқарған Қазақстан Президентінің, яғни автордың баяндамалары, мақалалары, сұхбаттары болды. Ол өткен 15 жыл (1994 жылдан бастап) бойына халықаралық кездесулерде, сондай-ақ әр түрлі ғылыми конференцияларда, баспасөз бетінде Еуразиялық ықпалдастық тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Президенттің 1997 жылғы Жолдауындағы Еуразиялық идеялар. Н.Ә. Назарбаевтың жаңа тұжырымдамалық көзқарастары бірте-бірте іс-жүзіне асырыла бастады. Соның мысалы, 1996 жылдың наурыз айының 29 күні жасалған Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету туралы шарты бола алады. Бірақ, ықпалдастық үдерісі тура жолда, бір мәнділікте болмады және бұл болашақта ықпалдастық іс-әрекетін дамыту мен қоса, еуразиялық ғылымды да дамыту қажеттілігінің куәсі іспетті еді. 1996 жылдың мамырында Қазақстан Президенті Еуразия университетін құру туралы шешім қабылдады. Бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес, яғни 1994 жылдың қыркүйек айының 20 күні «Еуразиялық кеңістік: ықпалдастықтың әлеуеті, және оны іске асыру» атты халықаралық конференцияда Н.Ә. Назарбаев Еуразия университетінің идеясын ұсынды. Ол тек қана білім беру емес, «әдіснамалық» мақсаттарды да шешуі тиіс болатын.
Қазақстан Президенті жаңа үлгідегі университетті Астана (ол кезде әлі Ақмола) қаласында құруды дұрыс деп тапты. Ол кезде қала әлі астаналық мәртебеге ие болмаса да, болашақ астананың тәуелсіз Қазақстанның болашақ аймақтық стратегиясында алар орны зор екенін байқатқандай еді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің құрылуы туралы Жарлыққа 1996 жылы мамырдың 23 күні қол қойылды. Бұл бірегей шешім олқылықтың орнын толтырды (ТМД елдерінің ғылыми қауымдастығында көпшілік үшін тосын жағдай еді) және Қазақстанға келген шет елдік оқымыстыларға үлкен әсер етті. Шындап келгенде Еуразия университеті Астананың рухани зияткерлік қара шаңырағына, ғылым мен білімнің ордасына айналды.
Ке¬дендік одақ — екі немесе бірнеше мем¬лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі. Кедендік одақ аумағында тауарлардың, жұмыс күшінің және капиталдың кеден баждары салынбай, еркін өткізілуіне рұқсат етіледі.
Тарихи деректерге сәйкес, ке¬ден¬дік одақ 19 ғасырда орныға бас¬таған. Франция мен Монако ара¬сындағы (1865 ж), Швейцария мен Лихтенштейн Князьдігі ара¬сындағы (1924 ж.) одақ олардың алғашқылары болып табылады. Біздің кезеңімізге жақын уақытта Еуропалық экономикалық одақ (1957 ж.) - Еуропалық одақ (1993 ж.) және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы (1962 ж.) құрылған. Ке¬ңес Одағы дәуірінде социа¬лис¬тік мемлекеттер арасында Эко¬номикалық Өзара Көмек Кеңесі (СЕВ) аясында кедендік мәсе-ле¬лер бойынша бірнеше келісімдер жа¬салған. Кейбір ақпараттық агенттіктердің мәліметі бойынша, әлемде 30-дан астам түрлі си¬паттағы интеграциялық бір¬лес¬тіктер бар көрінеді. 2010 жылдың 1 қаң¬та¬ры¬нан бастап үш ел — Ресей, Беларусь, Қазақстан үшін бір¬ыңғай кедендік тариф күшіне ен¬ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас¬тап бірыңғай кедендік кодекс ен¬гізілетін болады. 2011 жыл¬дың ортасынан бастап тауа¬р¬лар¬дың кедендік бақылауы Беларусь Рес¬публикасының, ал бір жылдан ке¬йін Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сының сыртқы шекарасына кө¬ші¬рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Тлыққанды және толық ауқым¬дағы Кедендік 2011 жылдан бас¬тап енгізіледі және Ресей мен Қବзақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә¬не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз-гертіледі» деп атап көрсетті.

Одаққа бірігудің негізгі мәні одақ¬қа мүше мемлекеттер ішін¬де¬гі кедендік тосқауылдардың бол¬мауында және кез келген сыртқы та¬уарға, оның қай елге тасы¬мал¬данатынына және ортақ ше¬карадан қай жерде өткеніне қара¬мастан бірыңғай кедендік тବлапты қалыптасуында. Ке¬ле¬шекте біртұтас көліктік, энер¬гетикалық, ақпараттық ке-ңістік құрылуы тиіс, интег¬ра¬циялық процестер жеделдетіледі, то¬лыққанды жалпы рынок қа¬лыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеу¬меттік-экономикалық да¬мудың ортақ мақсаттарына ке¬ліседі, уағдаласқан құрылымдық, ин-новациялық, сыртқы эко¬но¬микалық және әлеуметтік сая¬сат¬ты қалыптастырады. Кедендік одаққа қатысудан Ре¬сей, Қазақстан және Бе¬ло¬руссия қандай дивидендтер ала¬тын¬дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем дегенде 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ бизнесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
83. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралу мәселесін түсіндіріңіз.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік құндылықтардың бірі – тарихи тағдыр бастарын біріктірген түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен ымыраластығы өзінің құнын жоя қойған жоқ. Дегенмен 1999 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстан мемлекетінің тұрғындары саны 14 млн. 953 мың 100 адамға азайды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік жергілікті ұлт өкілі қазақтың саны осы он жыл аралығында 122,9%-ға артқан. Жекелеген ұлттарға талдау жасасақ мынадай мәліметтерді келтіре аламыз. Атап айтқанда, осы он жылдықта орыс ұлтының саны 37,4%-дан 30%-ға, украин ұлты 5,4%-дан 3,7%-ға, немістер 5,8%-дан 2,4%-ға, татарлар 2%-дан 1,7%-ға азайған. «Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі. Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді. Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. 1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.
84. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәні.
2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасы даярланды.«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
Ұлт тарихы – ұлт мүддесі. Ендеше Ел­басы ұсынып отырған – «Тарих тол­қы­нындағы халық» бағдарламасы халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қа­лыптастыру арманынан туындайды. 1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мем­лекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті – тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қа­лыптасуына, көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді.
Ежелгі және орта ғасырлар тарихына мамандардың жеткіліксіздігіне қарамастан көңіл бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша араб, парсы, қытай, орыс және т.б. тілдеріндегі деректер жинақталды. Бірақ табылған деректер негізінде кешенді саралау мен зерделеу жұмыстары жүргізіл­ген жоқ. Қазақ тарихының тарихи кезең­де­рінің тұтастай объективті көрінісін ай­шықтау мен жұртшылыққа түсінікті қа­лыпқа түсіру жұмысы өз авторларын кү­туде.Уақыт талабы – заманауи тарихи са­наны жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық ат­салысуы қажет екендігін ескертуде. Сон­дықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. Бұл мәселеде кәсіби тарихшыларға жауапты жүк артылып отыр.
XX ғасырдың басында зиялылар тағдыр сынын қалай көтерсе, XXI ғасыр басында да жаһандық мәселелер ортасында қиын­дықты жеңіп шығатын, әлемдік тарихтағы Қазақ елінің орнын ойып көрсете алатын ойшыл ғалымдар ғана жаңа тарих сахнасынан көрінері хақ. Ал халық талай рет тарихтың толқынды дауылына шыдас беріп келеді. Үкімет басшысының атап өткен ұлттық тарихтағы шешілмей келген ауқымды міндеттерін шешуде ғылыми талдауларды жаңаша көзқараспен дүниеге әкелу үлкен жауапкершлікті талап етуде. Болашақта жүзеге асырылатын «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын – Ұлы мақсат жолындағы ұйытқы деп қа­былдауға болады. Ендеше, тарихтың шынайы бетін айқындауда дәйекті ой жинақтап, өзекті мәселелер түйінін түюде кәсіби ғалымдар қауымына нәтижелі шабыт тілейік.
Өткенді зерделемей, мықты мемлекет бола алмаймыз. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы­ның кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында Елбасының тапсырмасы бойынша «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасы жасалатынын атап өтті. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақ­станның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы жүзеге асыруға жағдай жасау, қазақтың ұлт­тық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлт­тық жаңа тарихи дүниетанымын қа­лып­тастыру. «Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы», – деді Марат Тәжин.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы өз сөзінде мынадай мәселелерді көтерді. Бі­ріншіден, Ұлттық тарих қоғамдық ғы­лымдардың арасында орталық буынға айналуға тиістігін. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қа­зақстанның аса ауқымды тарихи үдеріс­тердегі, олардың өзара байланысы мен ғы­лыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиістігін. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілігін. Сондықтанда біз тарихи артефактілердің (бұл қазіргі заман тарихына да қатысты) барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеуге, сон­дай-ақ ол тарихи материалдарды Қа­зақстанға қайтару мүмкіндігі жөніндегі мәселені қарауға, егер ондай мүмкіндік болмаса – олардың көшірмесін жасатып, болашақта зерттеушілер мен жалпы жұртшылық үшін қолжетімді етуге баса назар аударды. Төртіншіден, сіздердің на­зарларыңызды орталықазиялық номадтық өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше аударғым келеді, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археоло­гиясын, антропологиясын, этногра­фия­сын, фольклорын, мәдениеті мен дәс­түрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды тапсырды.
Бізге Орталық Азия өңірінің тарихы мен тұтастай алғанда жалпы тарих туралы өзіміздің, ұлттық пайым-түсінігімізді қалыптастыра бастау мәселесін қарастыру керектігін. Бесіншіден, тарих бойынша сапалы оқулықтар даярлау мәселесі күн тәртібінен түспей тұрғандығын атап көрсетті.
Соңғы екі жыл бойы жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту бағдарламасын қысқарту немесе тіптен алып тастау туралы қозғалып жүрген пікірлер көпшілікті алаңдатқаны белгілі. Кеңейтілген отырыста Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруға байланысты шараларды айқындаған маңыз­ды баяндамасы тарихшылар қауы­мын ғана емес, барша жұртшылықты алаң­датқан күдіктерді сейілтіп, оқы­тушылар мен ғалымдарға, жалпы қо­ғамтанушыларға жаңа серпін беріп отыр.
Қазақстан тарихын оқу жүйесінен қыс­қартуға болмайды. Біз мемлекеттіміз­дің одан әрі дамуы үшін ұлттық тарихымыз бен өткенімізді зерделемей оны жоғары оқу орындарында оқытпай, мықты мем­лекетке айнала алмаймыз. Қазақ халқының кеңестік дәуірде тарихи танымы өзгеріске, тіпті дағдарысқа ұшырады. Ұлттық тарихты жасауды, ұлттық санамызды қалып­тас­тыруды енді ғана қолға алдық. Ал осындай кезде білім жүйесінде Отан тарихын қысқарту – мемлекеттігімізге сын. Елі мен жерін сүйетін қазақстандық жастарды даярлаймыз десек, онда оқытуды жаңа сапалық дәрежеге көтеруіміз керек. Ол үшін ғалым мен оқытушы әдіскер бірлесе отырып әр жас деңгейіндегі балалардың ерекшеліктеріне сай оқулықтар жазуы қажет.

85. Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметіне сипаттама беріңіз.
Ұлттың рухани ұстазы, Ұлы Тұран перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Алматы қаласында 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтына түседі. 1936 жылы институтты бітіріп тау-кен инженері мамандығын алған соң, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кеніне жұмысқа жіберіледі. Онда бұрғылау станогы машинасынан бастап, цех бастығы, кеніштің бас инженері, директоры болып жұмыс жасайды. Одан соңғы еңбек баспалдағы – Алтай металл комбинаты бас инженерінің орынбасары, техникалық бөлімінің бастығы болады. Риддер кенішінің және КСРО ірі қорғасын – мырыш кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметін атқарады.
1942 жылы орда бұзған 30 жасында Республика Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл жауапты міндетті 10 жыл мінсіз атқарады. Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу және басқа өнеркәсіп салалары жөніндегі мәселелермен айналысты. 1952 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті болып сайланады. 1955 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалады. 1960 жылдың қаңтарынан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1962 жылы желтоқсанда ол жоғарғы лауазымды қызметтен алынып, қайтадан Республика Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды. 1964 жылы орталықта жағдайлар өзгерді де Қонаев қайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Ұзақ жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі болды. Орталық Комитеттің Саяси Бюросының мүшесі ретінде мемлекеттің ішкі және саяси сыртқы саясаттарының мәселелерінің шешуге қатысады. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғылыми қызметпен де айналысты. Ол техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі.
КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жазылған естеліктер өте көп деп айтуымызға болады. Көз көріп, бірге қызмет істегендердің жазғандары «Естен кетпес ұлы есім», Кемеңгер Қонаев», және «Елу жыл ел ағасы» кітаптарына жинақталған. Д.А.Қонаев сол еңбектерінде Ж.Шаяхметов, П.К. Пономоренко, Л.И. Брежнев, И.Д. Яковлев, И.А. Юсуповтермен үзеңгілес жүріп, ел тағдырын қалай шешкендерін, өзі ширек ғасырға жуық республикада бірінші басшының ауыр жүгін арқалағанын, осынау жылдар бедерінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамығанын, Одақтың тізгінін ұстаған адуынды Н.С. Хрущевпен арадағы келіспеушіліктің салдары мен себептерін егжей-тегжей баяндай келіп, Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, К.У. Черненко, М.С. Горбачевтің мемлекет басқарудағы істеріне лайықты бағасын берген.
Д.А. Қонаев қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейін биікке көтерілетінін жақсы білді. «Республикамыз қарыштап, даму асқарынан асып, тағы да бір биік белеске көтеріледі» - деп әлденеше рет айтқан болатын. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін шұғыл өрге бастыруға бағытталған сара жолының жүзеге асуын ұйымдастырушылардың бірі болды. Д.А. Қонаев өте сауатты басшы бола білді. Кез – келген мәселелерді шешуде батылдық пен көрегенділік танытты. ХХ ғасырдың 60- 80 жылдар аралығындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы толығымен өзгертілді. Соғысқа дейінгі экономика өзінің жаңа қадамын бастады, сосын соғыс, ал соғыстан кейін барлық ресурстар КСРО –ның Батыс және Солтүстік бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп орындарын қалпына келтіруге жұмсалды. Қазақстан мен Орта Азия республикалары сол баяғы қалпында қалды.
60-80 жылдар аралығында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейіне мына дәлелдер куә болды. Осы кезеңдер ішінде республиканың ауыр өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп орындары жедел қарқынмен өсті. Қарағанды-Теміртау, Павлодар-Екібастұз, Жамбыл-Қаратау мен Шымкент-Кентау көмір металлургия кешендері құрылды. Қазақстан елімізге орасан зор мөлшерде болат, шойын, мыс, вольфрам, марганец, қорғасын, мырыш, алтын тағы басқа да қазба байлықтарын тапсырды. Жаңа қалалар бой көтеріп, ауыл-село көріктендіріліп, сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары салынып, ғылым, денсаулық сақтау мекемелері жаңа техникалық жабдықтармен жабдықталды. Сөз жоқ, бұл зор жетістіктердің бәрі бір кісінің ғана сіңірген еңбегі ғана емес, осы бастамалардың бәрінің ұйымдастырушысы және басшысы Дінмұхамед 4Ахметұлы болғанын ұмытпауымыз қажет.
Қазақстан Республикасының экономикалық мүмкіндігі, ғылым, мәдениеті жағынан өсімі бойынша іргелі Ресей, Украина республикаларынан кейінгі үнемі үшінші орынды иеленіп отырды. Міне, еліміздің осындай ауыз толтырып айтар күрделі де, қол жеткен табыстарына Димаш Ахметұлының жеке өз басының қосқан үлесі мол деп айта аламыз. Ол кісі еңбекқор еді. Нағыз адал, еркін еңбек қана халықтың тұрмысының жақсаруына игі ықпалын тигізері айқын. Егер елінде еңбек сіңірсең, елінде еленбей қалмасың анық. Сондай еңбекқор адам санатында көрінген оның еңбегін болашақта да елі қадірлемек. Дінмұхамед Ахметұлына байланысты айта кететін үлкен мәселе - қандай істе де жеңістің кілті – халықтар достығында, солардың бірлігі деп білетін. Біздің республикамыз КСРО кезіндегі мемлекеттің арасындағы ең көп ұлтты мемлекет болғаны белгілі. Осыған орай Дінмұхамед Ахметұлына нағыз интернационалист деп атауға болады. Сол көп ұлтты мемлекетті басқаруда, көп ұлтты халықтардың басын құрауда, ол өзінің талаптарын қоя білді. Осыған орай оның жемісін де көрді. Республикамыз іргелі мемлекеттер қатарына қосылуы халықтар достығында деп білемін. Бірлік, достық бар жерде жеңіс бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет