1-билет Қазіргі заманғы білім беру мазмұнына анықтама беріп,білім берудің мақсаты жайындағы


Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен қалыптасуы, оның ерекшеліктеріне талдау жасаңыз



бет7/7
Дата14.12.2022
өлшемі2,12 Mb.
#57360
1   2   3   4   5   6   7
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен қалыптасуы, оның ерекшеліктеріне талдау жасаңыз

  • Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар Ежелгі Грек, Мысыр, Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, М.Ф.Квинтилиан және т.б. ғалымдардың еңбектері мен идеяларында көрініс табады.

  • С.И.Ожеговтың сөздігінде: «Педагог – бұл біреудің тәрбиесімен айналысатын, адамды тұлғалық жағынан дамытуға бағытталған адам» – деген анықтама береді.

  • Дүние жүзінде Аристотельден кейінгі «Екінші мұғалім» атанған кемеңгер, шығыс ойшылы, ғалым-энциклопедист әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) орта ғасырда тәлім-тәрбие беру бойынша 200-ге жуық еңбек жазып, баға жетпес мұра қалдырды, ол педагогиканы жеке ғылым деп қарастырмаса да, өз трактаттарында оқу, тәрбие, білім беру және т.б. ұғымдарға анықтама беріп, педагогикалық мамандықтың мағынасын жан-жақты ашты. Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде былай делінеді: «Мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылық, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қасиеттер сақталуы қажет. ... Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады».

  • Еуропада ең бірінші болып балаларға және мұғалімдерге арналған оқу құралдарын жазған неміс педагогы В.Ратке (1571-1635 жж.) болды.

  • Чех педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» – дей отырып, балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.

    3Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі ұғымдардың ерекшеліктері туралы өз тұжырымыңызды жүйелеп көрсетіңіз.


    Мұғалімдік мамандыкты биiкке көтеретiн күш – онын кәсiби құзыреттілігі. Бiлiм беру саласындагы құзыреттілік түсінігі 1960- 1970 жылдардагы шетел адебиетiндегi, ал бiздiң елiмiзде 1980 жылдардын сонындагы әдебиеттерде кездесті. «Құзыреттілік ұғымы жайлы Кудайбергенова К.С. «Құзыреттілік табиғаты тұлганың өзіндік дамуында» атты енбегінде былай деп көрсеттi: Құзыреттілік – белгiлi сала бойынша жан-жақты хабардар, бiлгiр деген магынаны карастыра отырып, кандай да бiр сурактар топiрегiнде беделдi түрде шешім шыгара алу дегенді білдіреді.Құзыреттілік- (лат. Competcow – жетемiн, сай келемiн, жараймын) белгiлi бiр сала бойынша білім, білік, дағдылардын, тұлгалык сапалардын жиынтыгы Кұзырет білімге, тәжiрибеге, кұндылыкка, бейiмдiлiкке негiзделген оқу аркылы алган бiлiм алушынын жалпы кабілеті.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші — оның кәсіби шеберлігі мен өз кәсіби әрекетіне жауапкершілікпен он карауы. Ал, кәсіби шеберлік – кәсіби білім мен біліктің, оны практикада жане окытудын жана жагдайларында колдана бiлудiн жиынтығы.
    «Біліктілік» пен «кузыреттілік» угымдарын салыстыра келіп, О.Б.Ховов екiншi терминнiн бiрiншi терминнен герi магынасы кен екенін көрсетеді. Өйткені оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен және іскерлікпен коса топта жұмыс iстеуге ынталылык, ынтымактастык, кабілеттілік, коммуникативтік кабілет, оку. Бағалау, логикалык ойлау, акпаратты алу мен пайдалану т.б.iскерлiктер жатады. Бұл пiкiрден байқайтынымыз, автор «кұзыреттілік» терминін іс-әрекеттілік, және әлеуметтiк коммуникативтік өзекті белгiлердiн негiзiнде маманнын жеке тұлғасына сүйене отырып, кәсiпке дайындау деңгейiнiн косымша сипатын беру ушiн колданады. Бұл қарастырып отырган ұгымнын гуманизммен толығуына сай келедi, алайда онын белгiлерi жүйелеу мәселелерiн шеше алмайды.Кұзыреттілік жеке тұлганын теориялык бiлiмi мен практикалык тəжiрибесiне сай белгiлi бiр мiндеттердi орындауга дайындыгы және қабілеті. Нақтылай айтып кеткен «дайындык» ұгымы бәрi орындалган, бiр нәрсе ушін бәрі дайын жен. Дейтіндей жагдай мағынасын аныктау мумкiндiгiн бiлдiру үшiн колданылады. Бул магыналар кузыреттiлiктiң мәнi мен мазмұнын жеткiзiп, ашып тұрады. Құзыреттілік теория мен практиканын бiрлiгi негiзiнде калыптасады. Ол жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, жеке тулганын танымга, ойлауга катысын және арекетке белгiлi маселелердi ұсынып, шешім жасауга, онын барысымен нәтижелерiн талдауга, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгiзiл отыруга деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді. Мұғалімнін педагогикалык кұзырлыгы деп, педагогикалык кызметті жүзеге асырудагы теориялык және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.12 жылдық бiлiм беруде педагог төмендегідей кұзыреттіліктерді игеруге мiндеттi деп көрсеттi:

    1Арнайы кұзыреттілік – өзiнiң кәсiби дамуын жобалайбілетін қабілет.
    2Әлеуметтік кұзыреттілік – кәсіптік кызметімен айналысу кабiлетi.
    3Бiлiм беру кұзыреттiлiк – педагогикалық және әлеуметтiк психологиянын негiздерiн колдана білу кабілеті.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет