1-билет. Жасуша туралы ғылым


АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы



бет17/39
Дата02.09.2022
өлшемі90,84 Kb.
#38379
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант – рибоза болады. Азотты негізі – аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-да фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үшфосфат» аталған. АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланысқа мүмкіндік жасайды.

1-Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалындығы 3—4 нм-дей болады. Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады.
2-Акросома— сперматозоид басының алдыңғы бөлігінде орналасқан оймақ тәрізді құрылым. Ол — құрылысы күрделі өзгерістерден өткен Гольджи кешенінің туындысы. Ұрықтану кезінде сперматозоид акросомасы жұмыртқа жасушасының сыртқы қабығын құрайтын жасушалардың желімдегіш,ерітетін ферменттерін бөледі. Нәтижесінде овоцит цитоплазмасына, оның мөлдір аймағы арқылы сперматозоидтың басы мен мойынының енуіне толық мүмкіндік туады.
3- Аксонема - плазмалық жарғақпен қапталған жасуша кірпікшесінің өзегі. Аксонема сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден және сақина ортасындағы екі жеке микротүтікшелерден құралған.



  1. Карла Линнейдің еңбектері.



Карл Линней-организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы,жаратылыстанушы,қоғамға көптеген үлесі тиген ғалым.
Еңбектері:
1-1735 жылы жарыққа шыққан, ТАБИҒАТ ЖҮЙЕСІ атты еңбегі.Онда өсімдіктердің және жануарлардың ағзаларын жіктеудің негізгі қағидалары сипатталады
2-БОТАНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ-онда жануарлар мен өсімдіктерді жарыса бағынған жүйелік санаттарға:класс,отряд,туыс және түрлерге бөледі.
Биологияда 1000-ға жуыө терминдерді енгізген.
Жүйелеуде өсімдіктер мен жануарларды латын тілінде түрі мен туысын білдіретін қос атпен атауды ұсынған,яғни номенклатураны енгізген
Барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтры мен аналығының саны,пішіні,көлемі,құрылысына қарай 24 классқа,ал жануарлардың тыныс алу және қанайналым мүшелеріні құрылысна қарай 6 классқа топтастырды.
Өсімдіктер мен жануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлді.
8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды,организмдерінің ұқсас белгілеріне қарап:түрлерді-туысқа,туыстарды-отрядқа,отрядтарды-классқа топтастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет