1-билет Компьютерлік желілердің жіктелуі



бет17/25
Дата18.03.2023
өлшемі91,25 Kb.
#75324
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
1-билет Компьютерлік желілерді жіктелуі

2. DNS қызметі
Домен – бұл Интернеттің иерархиялық жүйесінде бірегей атаулар кеңістігінің белгілі бір аумағы. Барлық домендер арнайы бірегей атпен анықталады. Домендік атау – доменнің символдық атауы. Ол бір домен аймағында бірегей болуы керек. Домендік толық атауы нүктелермен бөлінген барлық домендердің атауларынан тұрады. Мысалы, www.smk.edu.kz. Домен деңгейі оңнан
15 билет
молға қарай есептеледі.Атаулардың домендық сервисі (DNS-Domain Name System) машиналар атауларының иерархиялық ұйымдастырылған кеңістігі болып табылады. Интернет желісіне қосылған барлық құрылғылар өзінің-ІР-мекен-жай цифрлық кодын иемденедіБұл компьютерлерге ыңғайлы, бірақ адамдар үшін күрделілеу, себебі есте сақтауға қиын. Сондықтан да адамға доменді атаулар, ал компьютерге ІР-мекен-жай қолайлы. Атаулардың домендық қызметі мекен-жайларды жазудың осы екі нұсқасының арасындағы бір мәнді сәйкестілікті орнатады. Сіз, белгілі бір URL енгізіп, компьютерге парақты ашу бұйрығын берген уақытта,келесі әрекет ретінде компьютер басқа компьютерге анықтама алу үшін бет бұрады,
3. GSM желісі
GSM желісі 1990 ж. пайда болып, 1992 ж. алғаш рет Германияда қолданысқа енді. GSM-900 — қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі. Оператордың жиілік ауқымы 890—960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы және аккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан (үдеткіштер мен антенналар қолданғанда) 35 км-ге дейін жетеді. GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі — SIM-карта қолданылады. Бұл картада белгілі абонент туралы нақты ақпарат жазылған микросұлба орнатылады, сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады. Әрбір картаның арнайы идентификациялық нөмірі болады. SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі

16 билет


1. Модуляциялаудың максималды жылдамдығы
Найквист формуласы бойынша анықталады: Rmax=2W. Бодпен өлщенеді.Модуляция (латынша modulatіo – өлшемдік) – қандай да бір стационар физикалық процесті сипаттайтын параметрлердің уақытқа байланысты берілген заңдылық бойынша өзгеруі. Модуляцияның мысалына, гармондық тербеліс амплитудасының, жиілігінің және фазасының белгілі заңдылық бойынша өзгеруі, электрон-сәулелік осциллографта арнаулы электрод (модулятор) көмегімен электрон ағыны қарқындылығын уақыт бойынша өзгеруі, жарық айқындығын (жарықтылығын) поляризациялауыш құрылғы (Керр ұяшығы) арқылы реттеу, т.б. жатады. Модуляция арқылы стационарлық процестің бір немесе бірнеше параметрлерін (қарқындылығын, амплитудасын, жылдамдығын және жиілігін) уақыт бойынша өзгертуге болады. Кеңістіктік модуляция – стационарлық процесс параметрлерінің кеңістікте өзгеруі. Сызықтық емес және толқындық жүйелерде модуляцияның кенеттен (күрт) пайда болуы да мүмкін (автомодуляция).
Бод (ағылш. Baud) - байланыс пен электроникада символдар жылдамдығының өлшем бірлігі, тасымалдаушының периодты сигналының ақпараттық параметрінің секундына өзгеру саны. Бодот кодын ойлап тапқан, телетайп машиналары үшін таңбаларды кодтайтын Эмиль Бодоттың есімімен аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет