8.Қазақ зиялыларының қалыптасуы:әлеуметтік құрамы,білімі,қызметі.Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы-19 ғасырдың екінші жартысы-20 ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.Патша үкіметінің кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын аңғарылады.
19 ғасырдың екінші жарысы мен 20 ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан,Мәскеу,Петербург,Орынбор,Омбы,Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды.Қазан төңкерісіне дейін 120-ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған.Олардың қатарында Бөкейханов,Тынышбаев,Қаратаев,Құлманов,Сыртанов,Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді.Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай 20 ғасырдың басында ұлт мәселесін,жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды.20 ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап,газет-журнал түріндегі басылымдар көбейді.
Алаш зиялыларының 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жәдитшілдік жолы дейді.Қазақ даласына бұл жол қырымдық татарлардың көрнекті ғалымы Исмаил Гаспринский арқылы келді деуге болады.Жәдитшілдік бағыт негізін салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен,қазақ оқығандары Гаспринский еңбектері мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды.Исмаил Гаспринскийдің жәдиттік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап,оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады.Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан Оқу құралы атты кітабынан көре аламыз.
38. Әкімшілік басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі «Уақытша Ереженің» отарлық сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланды. 1886 жылы Ереженің III тарауында жер мәселесі туралы «Мал жайылымы алып жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі» делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды: «Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен ормандар да мемлекет меншігі» деп танылады.«Көшпенділерден артылып қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді». Көшпенділер пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді. «Мал жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды».
Сонымен, патша үкіметінің жер және салық саясаты отарлық сипатта болды, халықты әбден титықтатты, ауқаттылардың, көпестердің, т. Б. баюына жол ашты. Қазақ көшпелі қоғамы, патриархаттық-рулық қоғам ыдырау жолына түсті. Көшпелі қоғам мүшелерінің жайылымын тартып алғандықтан, қазақтар жерді жалға алуға мәжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының кемуіне әкелді.
Тұтастай алғанда, реформа отарлаушылардың жан-жақты, тереңнен ойластырылған патша әкімшілік саяси органын нығайтуға бағытталған бағдарламасы болды. Реформа халық бұқарасын отарлық езгіде ұстау, халықтың бас көтеру көріністерінің алдын алу мақсатын көздеді.