Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жылдары), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді. келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Жоғарыда көрсетілген келеңсіз оқиғалардың салдарынан және Қазақстанға сырттан келген көші-қон толқындарының күшейе түсуі нәтижесінде, республикадағы қазақтардың үлесі де құлдырап түсіп кетті. Егер 1897 жылы Қазақстанның қазіргі территориясына сай жер аймағында қазақтардың үлесі 81,7% болса, 1917 жылы 58,0 %, 1926 жылы 58,5%, ал 1939 жылы 38,0%-ға дейін төмендеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан халқы да көп шығынға ұшырады, 1,2 млн. азамат Отан қорғауға аттанды, оның жартысынан көбі елге қайта оралмады, 700 мыңнан астам адам тылдағы ауыр жұмысқа шақырылды. Соғыс жылдары тұрғындар арасында өлім-жітім көбейіп, туу азайды. Қазақстанға көптеген халықтар (неміс, чешен, қарашай, және т.б.) күшпен аударылды, Карлаг, Степлаг сияқты жерлердегі тұтқындар көбейді. Соғыстан кейін басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге, одақтық маңызы бар өнеркәсіп орындарын салуға және дамытуға 2 млн.-нан астам жұмысшы күші келді. Осының бәрінің салдарынан республикадағы қазақтардың үлесі (саны 1939 жылы салыстырғанда 467,3 мыңға көбейгеніне қарамастан) 28,9%-ға дейін түсіп кетті, яғни қазақтар өз елінде халықтың азшылығына айналды, ал орыстар, украиндар мен беларустар көпшілік болып шыға келді (олар тиісінше 42,7%, 8,2 % және 1,1% болып, үшеуін қосқанда 52%-ға жетті).