9.1905 жылғы Қарқаралы петициясы Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды.1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император 2 Николайға арналған петиция ұйымдастырылды.Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңіне танымал 42 беделді қазақ қол қойды.Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді.Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды.Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Бөкейханов,Байтұрсынов,Ақбаев,Нүрекенов,тағы басқалар белсене ат салысты.Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау,азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту,жоғары билік органдары мен мемлекеттік думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды.Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен абыройын аяқ асты етуге жол бермеу,патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу,халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру,тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.1905 жылғы 22 шілдеде петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нүрекенов орыс тіліне аударып,Ішкі істер министрінің атына жіберді.Петицияның мазмұны қазақ қоғамының 20 ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын қамтыды.
39.Орталықтың этнодемографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграция, тілдік кемсітушілік, «тіркеу» Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болғанымен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.