1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақ АКСР–нің құрылуының тарихи маңызы



бет53/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

Қазақ АКСР–нің құрылуының тарихи маңызы: 
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі. 
2)Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі. 
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.

49. Экономикалық тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі
Қазақстан тәуелсіздігіне ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Бұл кезең еліміздің нарық экономикасына көшу мерзіміне сәйкес келді. Яғни тоқсаныншы жылдардың басында нарық қатынастарына көшу басталғанда Қазақстанның еншісіндегі экономика «жан тапсыру» алдындағы экономика еді.Біздегі кәсіпорындар әлемдік қа­ты­настар талабына тіптен де сәйкес кел­мейтін. Кәсіпорындарымыздың барлығы дерлік біз өткелі тұрған дүниежүзілік нарықтың талабына шыдайтын бірде-бір өнім шығара алмағандықтан, кейін кеткен еді. Біздің еншімізге нарық талаптарына жауап бере алмайтын темір жол, автомобиль жолдары, энергия жүйелері мен құбыр желілері тиді, ахуалы әбден нашарлаған ауыл шаруашылығы мұраға қалды. Бүкіл заңнамаларымыз Кеңес Одағы заңнамаларының көшірмесі еді, бұл бір орталықтан басқарылып бө­лі­нетін, теңгермешілік саясатқа негізделген болатын. Ең бастысы, жаңа заманның талаптарына сай, жаңа жағдайда не істеу керек екенін білетін адамдарды тәрбиелеу қажеттігі шұғыл түрде алдымыздан шықты. Қазір осы істің бәрі жаңартылды, жүйеленді және жүзеге асырылды. Іс жүзінде бәрін де жаңадан бастауға тура келген сәт туды.Қысқа мерзім ішінде еліміз тарихи үш міндетті жүзеге асырды: тәуелсіз мемлекет құра алдық, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көштік және тоталитаризм құрсауындағы елден тең құқықты демократиялық елге айналдық.Экономика – саясаттың да, мәде­ниет­тің де негізі. Экономика мемлекеттің, қо­ғамның, әрбір нақты адам мен оның отбасы өмірінің негізі. Өйткені экономикамен байланысты емес сала жоқ, қай мәселе болсын шешімі экономикаға тәуелді. Оны шешу үшін елде қуатты, осы мәселелерді шешуге қабілетті экономика құрылмаса, ең биік құндылықтар санайтын – еркіндік пен демократия, халық игілігі деген құбылыстың өзі бос сөзге айналады.Бүгінде Қазақстан барлық эконо­ми­калық көрсеткіш бойынша ТМД елдері ішінде іс жүзінде көш бастаушылар тобында келеді. Бұған жету үшін талай тар жол, тайғақ кешуден өттік. Инфляция да, жаппай жұмыссыздық та, өнеркәсіп орындарының тұралауы да, дүкен сөрелерінің тып-типыл көріністері де болды. Банк жүйесінің кембағалдығы сауданы тұқыртып, оларға төлем тапсырмаларын орындау мүмкін болмауға айналды.Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан экономикасының дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: I кезең – 1991-1995 жылдар, II кезең – 1996-2000 жылдар, III кезең – 2001 жылдан бүгінге дейін. Алғашқы екі кезеңде экономикамыздың жағдайы түбегейлі өзгерді. Бұл кезеңде біз Отанымыздың шаңырағын көтеріп, ордасын тіктік, қауіпсіздігін нығайтуға кірістік, экономикамызды нарық жолына бағыттадық. Кешегі қиындықты халқымыз ұмыта бастады. Қазақстан әлемдегі ең қарқынды өркендеу үстіндегі экономиканың біріне ие болды. Алдыңғы қатарлы елдер сенімді экономикалық, сая­си әріптес санайтын болды.«Тоқ адамды тойындыру қиын» дейтін халық даналығы бар. Тойынған сайын тәубешілдік, қиындықпен жеткен жетістігімізді қорғау мен жетілдіру оңай емес. Әр ел тәуелсіздігі мен бостандығын ең басты байлығы деп есептейді. Халық үшін Отанның азаттығынан қымбат ештеңе жоқ. Осы тәуелсіздігіміз үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы күресті, қан төкті. Азаттық үшін айқасқан бабалар кең-байтақ өлкені бізге мәңгілік мұраға қалдырды. Біз осы үшін де баба­ларымыздың алдында өзімізді мәңгілік қарыздар сезінуге тиіспіз. Аңсап күткен азат­тық біздің ұрпақтың еншісіне бұйыр­ды. Бұл бір жағынан өлшеусіз бақыт, екінші жағынан өте үлкен жауапкершілік.Өйткені тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап қалу әлдеқайда қиын. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құр­дымға жіберген. Біз қазіргідей аса жауапты кезеңде, жанданудың жауапты тұсын­да ел мен жердің тұтастығын, ұлты­мыздың бірлігін, Отанымыздың абыройы мен мәртебесін бірлесе ойластыруы­мыз керек. Саясаттың сан тарау соқпағына сарсылып түскен талай елдің сансырап қалған кездерін де көріп отырмыз. Сондықтан бізге білік пен ақылдың, ынтымақ пен білімнің, достық пен бірліктің ауадай қажет екенін білеміз. Бүгінгі әлемдік дамудың қарқыны өте үлкен, оған ілесу қай мемлекет үшін де оңай емес. Ал өркениет кеңістігінен орныңды табу одан да қиын. Бұл үшін биік мәдениет керек. Биік мәдениетті күшті ұлттар ғана жасай алады. Ал күшті ұлт болу үшін ең алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық, татулық керек.Тарихи аса қысқа мерзім ішінде елімізде ең шұғыл экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси реформалар жүзеге асты. Елбасы да, халық та бірте-бірте өзгерді, пайымы мен дүниетанымын өздері өзгертті. Осылай біз ешкімнің де айрықша ақыл айтуы мен дәріс беруінсіз-ақ өмірдің өзінен сабақ алып, өз еңбегіміз өз игілігіміздің кілті екеніне көз жеткіздік, мемлекет тек біздің ұмтылыстарымызға қолдау туғызып, жәрдем көрсетіп тұрса, өзінің міндетін ақтағаны екенін түсіндік.Президент 2001 жылы 16 желтоқ­сан­да жасаған баяндамасында «Өз ерек­шеліктерімізді ескермей, шет елдердің тәжірибесін бас-көзсіз көшіруге ұмтылған кездеріміз де жоқ емес. Соның салдарынан зардабын күллі қоғамымыз сезінген іркілістерге де ұрындық. Дегенмен, біз қауіпті әрдайым жіті аңдап, өз жауап­кершілігімізді сезіне білдік, міне, мұның өзі біздің шыдап шығуымызға мүмкіндік берді» деп қателіктер мен кемшіліктер болғанын, бірақ олар уыстан шығып кетерлік бақылаусыздыққа бастамағанын ашық айта білді.Қазақстан қазір әлем таныған, әлем сыйлайтын елге айналды. Оған жету жолы оңай емес. Зорлықпен мойындататын, еріксіз көндіретін Шыңғысхан мен Наполеонның заманы келмеске кеткен. Бұл заман білектің күшін емес, білім мен бірліктің күшін мойындайтын заман. Бұл заманда әлем экономикалық жа­ғынан мықты, ішкі тұтастығы берік, ауыз­біршілігі күшті мемлекеттермен ғана санасады. Елімізді сыйласа, демек сол талаптарға сай болып қалыптасып жатқанымыз. Бұл әрі мақтаныш, әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. Осының бәрі – тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіз Қазақстан дамуының дұрыс жолын таңдап, Абай айтқандай «ақырын жүріп, анық басқанның», ел болып бірігіп бере­келі жұмыс атқарғанның нәтижесі. Елі­­міздің тарихындағы ақтаңдақтар бір­­тін­­деп зерттеліп, тарихымыздың қазы­на­сына ұсынылуда. Енді, менің ойым­ша, осы соңғы, егемендік тарихын да терең­деп зерттейтін уақыт жеткен сияқты.Жаңа тарихымыздың саяси, әлеу­мет­тік-рухани бағыты Қазақстан страте­гиялық зерттеулер институты мен Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында кеңінен зерттеліп келеді. Ендігі жерде мемлекеттің үш ұстыны болып саналатын экономика, әлеуметтік қорғау мен руханияттың экономика бағытын жүйелі зерттеуге көшуге тиіспіз. Нақ осы бағыт Ұлттық конгрестің ғылыми бағыттарының біріне айналса деймін.Байқауымша, тәуелсіздік тұсындағы тарих Алматыдағы Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология институты мен Астанадағы Мемлекеттік тарих институты, еліміздің 59 жоғары оқу орындарындағы Қазақстан тарихы кафедралары, сонымен қатар жаңадан 4 мемлекеттік, 9 акционерлік және 9 жеке жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары болғанына қарамастан, ұлттық экономикамыздың даму сатылары жайында кітапханалардағы еңбектерді сүзіп өткенімізде, жаңа тарихты талдайтын тұщымды еңбектердің өте аздығын байқаймыз. Қазір қоғамымыз жазба басылымдармен қатар, әлеуметтік желіні де ақтарыстырып, керегін іздейді. Бұл орайда да мақтанарлық ештеңе таппадық. Бар тапқанымыз алғаш рет 1996 жылы Алматыдағы «Экономика» баспасынан шыққан, тәуелсіздікке дейінгі тарихты зерделеген Күләш Әбілқызы Берденованың «Экономическая история Казахстана: учебное пособие» атты көлемді еңбегі ғана. Сосын тарихшы Жұлдызбек Абылхожиннің 1997 жылы шыққан «Очерки социально-экономичес­кой истории Казахстана. ХХ век» атты ғылыми еңбегі бар екен. Осыны қазіргі тарихшыларымыз ХХI ғасыр деп неге әрі қарай жалғастырмасқа, әлеуметтік-экономикалық тарихты білу қоғамдық сұраныстан туындап тұрған жоқ па?..Өкінішке қарай тарих ғылымымен айналысатын екі институтымызда – Тарих және этнология институты мен Мемлекет тарихы институтында Қазақстанның эко­номикалық дамуына арналған құрылым жоқ. Бұл институтта әлеуметтік-эконо­микалық зерттеулер жүргізетін К.Илья­сованың ғылыми жетекшілігімен алты жылда «Ұлттық экономика – архив қорларында», «Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары – архив құ­жаттарында», «Астана – жаңа қала» атты үш тақырыптық тәп-тәуір жинақтар шыққан.Осы жобаларға сәйкес бөлімнің атауы да «Қазақстанның әлеу­меттік-экономикалық даму тарихы» деп өзгертілген екен, бірақ экономикалық тарихты жазатын мамандары тапшы. Біздің ойымызша, екі институтта да экономиканың түрлі салаларын жеке-жеке зерттейтін арнаулы қызметкерлер болуы тиіс. Әдетте тарихшылардың еңбектері нақтылыққа негізделген, көпсөзділіктен ада, болашақта Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ел экономикасының қандай жолмен, қалайша дамығанын тарихи тұрғыдан нақты көрсетіп тұрар еді. Зерттеулер Қазақстанның әлемдік экономикада алатын орнын, басым салалар бойынша үлес салмағын, проценттік көрсеткішін көрсеткені жөн.Экономист ғалымдарда Қазақстан эко­номикасының қалыптасу сатылары мен даму үрдістерін талдайтын бірқатар еңбектер бары рас. Дегенмен экономикалық ғылыми-зерттеу инс­титуттарында да жүйелі түрде, салалар мен бағыттарды кең көлемде талдау жасаған еңбектер аз. Оның себебі жоғарыда айтылған гранттар түрлі жобалар бойынша нақты бекітіледі де, сол сайыста жеңіске жеткендер ғана өз еңбектерін ұсынады. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің бұрынғы төрағасы Б.Әбдірәсілов: «2018-2020 жыл­дары жүзеге асырылатын жобалар эко­номика, өндіріс және әлеуметтік сала секторларының іс жүзіндегі нақты қажет­тіліктеріне бағытталған. Биыл грант­тық жобалардың нәтижелілігіне жоға­ры талаптар қойылып отыр», деп атап өт­кенімен, бұл жобалар ішінде эконо­ми­калық талдамаларға қатысты ештеңе жоқ екен.Тарихшылардың экономика саласын зерттеуі тиіс екендігін босқа көтеріп отырған жоқпыз. Тарихшылар қазіргі тарихты әлеуметтендіруге бет бұрса, өндірісшілердің, құрылысшылардың, астаналықтардың, аймақтардың осы жылдар ішіндегі өмір тарихын архив құжаттарымен жазса, жаңа тарихты да ұмыттырып алмасақ деген оймен, ұлттық конгресс алдағы уақытта мынадай тақырыптағы жобаларды басшылыққа алса деген ой бар және осы бағытта импактфактор журналдарына мақалалар даярласа, жұмыстың нәтижесі де көрінер еді. Нарыққа көшу, жекешелендіру, ұлттық валюта, стратегиялар мен бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, жаңа экономикалық институттар, Астананы көшірудің экономикалық аспектілері, астаналық социум және елдің дамуына әсері, арнайы экономикалық аймақтар және «жасыл экономика» сияқты тақырыптар қамтылса дейміз.2014 жылдың басында «Мәңгілік Ел» идеясы жарияланды. Бұл – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел – отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны. Аталған идея Қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, тәуелсіздік жолын­дағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.Бүгінде Қазақстанның Мәңгілік Ел екенін бүкіл әлем мойындады. Біз арман­дарды ақиқатқа айналдырдық. Тәуел­сіз­дікпен бірге халқымыз мәңгілік мұрат­тарына қол жеткізуде. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік Елді» көзіміздің қарашығындай сақтау – мәңгі мұратымыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет