Байланысты: 1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері
79. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған болатын. 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы деген еді.
Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.Мәңгілік елдің құндылықтары- уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.
Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.
Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.
Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.
Үшіншіден, бұл- зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.
Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.
Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты. Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.
Бесіншіден, бұл- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – қазақстандықтарды әлеуметтік жұмыспен қамтудың ең маңызды шарттарының, қазақстандық отбасылар табысының тұрақты өсуінің, өмір сапасын тұрақты жақсарту, барлық қазақстандық еңбекшілердің шығармашылық және өмірлік әлеуеттерін толықтай ашу кешені. Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік және корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.
Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Әрбір нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды.
Жетіншіден, бұл- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Қазақстан егемен ел ретінде дамудың алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жауапты саясат жүргізіп келеді. Қазақстанның барлық бастамалары, Президентіміз ұйытқы болған бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапты. Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты.
Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік