1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Тұтас Түркістан идеясы: Т.Рысқұлов, М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы



бет55/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

20.Тұтас Түркістан идеясы: Т.Рысқұлов, М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы
Бүгінгі «тарих айдынында» сұхбатымызда 1917 қазан төңкерісінен кейін социалистік жүйенің құрылуы барысында Орталық Азия халықтарының басын қосып, Түрік Республикасын құруды ұсынып, тың саяси пікірлер ортаға салған мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы әңгімелемекпіз. Оқу-ағарту саласына сіңірген еңбегі де орасан зор болған Рысқұлов бір қатар ғылым ордаларының бой көтеруіне мұрындық болған. Бүгінгі сұхбатымызда тағдыры ұлт тағдырымен астасып жатқан және өзгеше трагедияға толы Рысқұловтың ғұмырына тоқталмақпыз.
1894 жылы Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында дүниеге келген Тұрар Рысқұлов балалық шақтан қиын күндерді бастан кешірді. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы бір болысты атып өлтіргені үшін түрмеге жабылады. Болыстың туыстарының ұлы Тұрарға зияны тимесін деп оны түрмеге қасына алдыртады. Сөйтіп «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды.
1914 жылы Бішкектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебін бітірген Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түседі. Бірақ 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісінің бұрқ етуімен оны аяқтай алмайды. Рысқұлов оған белсене атсалысып, Меркідегі көтерілісшілердің іс-әрекетіне ⁹ сипат беріп, саяси бағдар сілтеді.
1917 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясына мүше болды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Жоғары қызметте жүрген кезде қазақ халқына жанашырлық көрсетті. Әсіресе қазақ халқы бастан кешірген 1919, 1921 және 1933 жылдарындағы ашаршылықтарда араша түсті. Сталинге хат жазып, республикадағы аштық ауқымын нақты жеткізіп, шұғыл шаралар қолдануды талап етті.
Соңғы уақыттарда Түркияда зерттеушілердің Тұрар Рысқұловқа көбірек көңіл аудара бастағаны байқалады. Мұның негізінен екі себебі болуы мүмкін. Біріншіден Тұрар Рысқұлов татар әріптесі Мирсаид Сұлтанғалиев сияқты тек туған халқын ғана емес, бүкіл түркі халықтарының Тұран социалистік республикасын құруға ұмтылған болуы. Екіншіден- Түркиядағы ұлт-азаттық күресінің жетекшісі Мұстафа Кемал Ататүрікке деген құрметі.
«Ұлттық коммунизмнің жетекшілері: Рыскұлов» атты кітаптың авторы Хұсейін Атыгүзел еңбегінде Тұрар Рысқұловтың Ататүріктің жеке тұлғасына қатысты мына сөздеріне де орын берген: “Мұстафа Кемал- бүкіл отар елдердің, бүкіл шығыс халықтарының алдында ұлы және жасампаз төңкерісшіл жетекші. Оны аса құрметтеймін. Мен өкініштімін ондай ұлы тұлғамен байланыста бола алмадым және кездесе алмадым. Бұл менің тұрғымнан үлкен олқылық болып табылады.”
Түркияда Рысқұлов есімі жалпы алғанда Мирсаид Сұлтанғалиев, Нариман Нариманов және Мұстафа Сұпхимен бірге аталып өтіледі. Бұлардың ортақ ерекшеліктері сенімді коммунист болумен қатар туған халықтарының тағдырының түркі дүниесімен ынтымақтастықта екеніне сенген болуларында. Олардың социалистік негізде түркі бірлігі жөніндегі идеясы Сұлтанғалиевтың ұлттық коммунизм жөніндегі идеяларымен сабақтасады.
Коммунизмді Шығыс халықтарын империализмнен құтқарудың бірден бір тиімді жолы ретінде таңдаған Сұлтанғалиевтің пікірі бойынша, түркі елдерінде өндіріс дамымағандықтан жұмысшы табы қалыптаспаған. Сол себептен түркі елдерінде езілген жұмысшы табы жоқ, бірақ езілген түркі халықтары бар. Демірхан Фахри Ердемнің “Езілген халықтардың теоретигі және стратегисті Сұлтанғалиев” атты мақаласында келтіргеніндей, Сұлтанғалиев Марксизмнің Еуропалық қоғамдағы буржувазия мен пролетариат арасындағы күресінің орнына түркі халықтары мен шығыс халықтарының қоғамдарындағы отаршылдар мен отарланушылар арасындағы күресін жүргізуді ұсынған. Осы орайда езілген және отар болған түркі халықтары тек ынтымақтастық жағдайында ғана империализмнің қыспағынан құтыла алады. 
Сұлтанғалиевтің осы пікірі бойынша Тұран Федералдық Социалистік Республикасын құру жоспарланған. Бұл идея бойынша Еділ – Оралда Сұлтанғалиевтің өзі, Кавказияда Нариман Нариманов, Түркияда Мұстафа Сұпхи, Түркістанда Тұрар Рысқұлов социалистік түркі республикаларын құруға ұмтылды. Тұрар Рысқұловтың Түркістан Түрік Коммунистік Партиясы мен Орталық Азияда Түрік Социалистік Республикасын құру туралы идеялары мен саяси іс-қимылдары осыған саяды.
Тұрардың оқу-ағарту саласына сіңірген еңбегі де орасан зор болған. Рысқұлов 1920 жылы Ташкенде Қырғыз-қазақ институты, 1924 жылы Мәскеуде Шығыс халықтарының университеті, 1928 жылы Алматыда Қазақ университеті, 1929 жылы малдәрігерлік институты, 1930 жылы ауыл-шаруашылық институтының бой көтеруіне мұрындық болды.
Кейбір зерттеушілер Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” атты әйгілі өлеңінің жазылуына Қожанов және Төреқұловтармен бірге Рысқұловтың әсер еткенін айтады. Рысқұлов сонымен қатар ішінде Түркістан Автономиясының президенті болған Мұхамеджан Тынышбаев та бар бір қатар Алаш мемлекет қайраткерлері қиын жағдайға түскенде жанашырлық танытқан.
Бірақ Сталин Тұрар Рысқұловтың ұлттың көсегесін көгерту жолындағы саяси іс-шараларын іске асыруына мүмкіншілік бермеді. Түркістан халықтары ішінен шыққан тұңғыш социалистік қайраткерлердің көш жетекшісі болған Рысқұлов Кеңестік жүйенің туған жерінде қанат жаюына жасаған қызметтеріне қарамастан, сұлтанғалиевшілдікпен идеялық, идеологиялық байланыс жасағандығы үшін саяси тұрғыдан айыпталды. Осындай айыптаулар нәтижесінде коммунистік идеологияға адал қызмет етіп келе жатқан Рысқұлов 1938 жылы атылып шәйіт етілді.
Оның өмірі мен қызметі туралы соңғы жылдары Қазақстанда және шетелдерде көптеген зерттеу еңбектері жарық көруде. Әдебиет саласында да біраз романдар жазылды. Солардың ішінде қазақтың белгілі жазушысы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе», «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты көп томдық романын айрықша атап өткен жөн.
Сонымен қорыта айтар болсақ Рысқұлов 1920- жылдары түркі дүниесін социалистік идеология негізінде бір шаңырақ астында ынтымақтастыру жөніндегі ұлттық коммунизм ағымының жетекшілерінің бірі болған ойшыл және ұлы мемлекет қайраткері. Оның қызметін тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі дүниесі еш қашан ұмытпақ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет