1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары



бет69/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83
Байланысты:
1 билет Отанды тарихты о уды т жырымдамалы негіздері

25. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары
1990 жылдың 13 тамызы күні Совет Одағының тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған миллиондаған адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия зобалаңы 1937-38 жылдары өзінің шырқау шыңына жеткен болатын, бұл кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын.
Молдованың белгілі жазушысы Владимир Беслига 1937 жылы алты жастағы бала болған. Ол өзінің кішкентай ауылындағы сол бір жаралы жылдарды былай деп еске алады:
- Ол кезде жаппай тұтқындаулар жүріп жататын, әр күні таңертеңгісін адамдар бір-бірінен бүгін түнде кімді алып кетті деп сұрайтын, ауылдастардың аузынан "қара қарға" деген сөздер түспейтін, түнде тұтқындалғандарды алып кететін машиналарды халық осылай атап кеткен. 1937 жылы БК(б)П ОК-ның И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.
1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және тағы басқа айыптар тағылды. Соңғы зерттеу бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1ақпанына дейінгі кезде КСРО-да 3 млн 777мың адамды атужазасына соттап, оың 643 мыңына үкім орындалған,. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамалып, миллиондаған адамдарды лаге1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет