1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері



бет45/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101
Практикалық сабақтарды қою.

Зертханалық тәжірибелерге қарағанда практикалық жұмыс оқушылардан өз бетінше жұмыс жасауды көбірек талап етеді, яғни оқушылар үйден алдын – ала дайындалып келуі керек: жұмыстың мақсатымен, мазмүнымен, оны орындау ретімен үйде танысады, конспектілейді, жұмыс жасау жоспарын құрады. Оған қоса жұмысқа тікелей қатысы бартеориялық материалды қайталайды. Ол жұмысты түсініп істеуге үлкен септігін тигізеді. Практикалық жұмысты оқушы өз бетімен жасайтын болғандықтан оның жауапкершілігі, жинақылығы, тіпті тәртібі артады. Нәтижесінде дағды қалыптасып, пәндік құзыреттілік пайда болады.


Практикалық сабақтардың негізгі сипаттары келесідей:

  1. Практикалық сабақтар өтіліп жатқан курспен тығыз байланыста өткізілуі тиіс. Практикалық сабақтардың негізгі оқу курсынан қалып кетуін қалыпты жағдай деп есептемеу керек.

  2. Практикалық сабақ үшін жалпы оқу жоспары ішінен арнайы сағаттар бөлінуі керек.

  3. Көпшілік жағдайда практикалық сабақтар оқушылар материалды өтіп болғаннан кейін жүргізіледі. Оқушының зертханалық сабақтағы экспреименттік жұмысынан практикалық сабақтың айырмашылығы да осында.

  4. Практикалық сабаққа оқушы алдын ала дайындалып баруы керек.: оқушы жұмысқа қарасты барлық жағдайларды білуі тиіс. Дайындық жұмыс кезінде бақыланатын құбылыстар мен химиялық процестерге, жасалуы керек шаралардың техникасына және жағдайға сәйкес болжамдарға бағытталуы керек.

  5. Практикалық сабақтар жеке – жеке жүргізілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ол мақсатқа жетеді. Бұл жағдайда ешқандай әдістемелерде қарсылық жоқ.

  6. Зертханада оқушы сарамандық жұмысының жұмыс дағдысы мен жеке жұмыс жасауға үйренумен қатар, ол кейбір жағдайларда өзінің болжамын да ұсына алады.

  7. Барлық тәжірибелер жеке басқарушылықпен немесе оқулықта көрсетілгендей нұсқаулықтар бойынша орындалады .

  8. Нұсқаулықтар оқушылардың химиядан жалпы дайындықтарын,сарамандық жұмыстың техникасын меңгере білу дәрежесіне және жас ерекшеліктерін ескеру тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет