1. Білім сапасы туралы түсінік беріңіз


Орта мектепте бағалаудың өлшемдік технологиясын қолданып өткізген сабақ жоспарын жасауды көрсетіңіз



бет32/54
Дата11.05.2022
өлшемі91,5 Kb.
#34046
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
Бағалау сессия 2021 био (копия)

32. Орта мектепте бағалаудың өлшемдік технологиясын қолданып өткізген сабақ жоспарын жасауды көрсетіңіз.

ҚМЖ дайындау қажет.

Жалпы кестеге құрылады. Құрылған кезде оқытушы аты жөнін, сыныпты, мектепті, сабақ мақсатын, міндетін, тақырыбын бастапқыда көрсетеді. Содан соң берілген сабақ өткізу уақытында істелінетін жұмыстарды жазылады. Мысалы: сәлемдесу 1 минут, үй жұмысын тексеру 10 минут дегендей. Содан соң дескриптор, баллдары жазылады. СОңына қарай бағалап, үй жұмысын берумен аяқтап жатады.

Жалпы ҚМЖ-ға жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

Оқушылар нені білу керек?

Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?

Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

сабақтың тақырыбын анықтау;

әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.

Ал. нәтиже:

·оқушыға бағытталуы керек;

·белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;

·оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.

Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:

оқушының қатесін табу үшін есес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;

оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;

дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;

тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.

Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне тоқталып кетсек:

Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді, яғни ол қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады.

Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге өтіп отыруына мүмкіндік береді.

Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.

Ұжымдық оқыту технологиясы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады.

Ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – қиын істерді атқаруда, топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет