30–48–56. Сабақтағы оқушылардың жетістіктерін өлшемдік бағалау технологиясы бойынша американдық психологтар Дж. Керолл мен и Б. Блумның жұмыстарын зерделеңіз.
Білімді толык игеру технолоғиясының авторлары американдық психологтар Дж Кэролл, Б. Блум және олардан ізбасарлары. Толық меңгеру технологиясы- оқу үрдісінде оқытушылар қолданатын жеке тұлғаға бағытталған технологияның бірі.Оның негізін 20ғ. 60жылдарында Дж.Керолл мен Б.Блум қалаған болатын. Толық меңгеру технологиясында оқу уақыты, оқытудың түрі мен әдісі нәтижеге сәйкестендіріледі.Блумның айтуынша, мұғалімдер оқушылар жалпыланған мақсаттарға емес нақты мақсаттарға жететіндей сабақтар мен тапсырмалар ойлап табуы тиіс. Американдық ғалымдар Ди Кэрон мен Б.Блумның білімді толық меңгерту технологиясының да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп атайды. Дж. Кэролл ұсынысы: білімнің тұрақты өлшемі – нәтиже болуы тиіс, ал білімді жүргізу шарттары - әр шәкіртің алдын-ала белгіленіп, көзделген нәтижеге қол жеткізуіне ыңғайластырылған тапсырмалары ауыспалы болуы қажет. Осы тұжырымды қолдап, әрі қарай дамытқан Б.Блум шәкірт қабілетін орташаландырылған тәлім игеру желісімен емес, әр тәрбиеленушіге қолай жасалған жағдайларға байланысты анықтауды ұсынды. Б.Блум бала қабілетін оның материалды игеруге бөлінген уақытын шектемеу жағдайында зерттеген. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |