46. Білім беру жүйесіндегі мұғалім мен оқушының портретін анықтаңыз.
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан этика елеулі орын алады. Мұғалім өне бойы өзін сергек, көңілді ұстау керек. Балаға сіздің шаршағаныңыз, көңіл-күйіңіздің жоқтығы сезіліп отырады. Сол сияқты мұғалім оқушының ата-анасы, туыстарымен нашар қарым-қатынасының, өкпе –арызының есесін оқушыдан қайтаруға әдеттену педагогикалық этикаға жатпайды.Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін. Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты.Сондай- ақ Ы.Алтынсариннің «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» деген өсиетін де есте сақтаған артықтық етпейді. Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде, олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды жерде қоштап отыру, кейде жаңылысқан қиналған жерінді түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенді мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |