42. «Критериалды бағалау технологиясын пайдаланудағы оқушының
рөлі» тақырыбын тұжырымдаңыз
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;Сабақ берудің сапасын арттыруға;Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |