47–55. Сабаққа критериалды бағалауды ендіру бойынша «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тəжірибесін зерттеуді бағалаңыз.
Қазақстан Республикасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептері орта білім беруге арналған заманауи оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу (апробациялау), енгізу, мониторинг өткізу алаңы болып табылады.Заманауи мектеп білімі саналы түрде таңдау жасап, өз бетінше шешім қабылдай алатын және қоғамдық өмірге жауапкершілікпен қатысуға ынталы тұлғаның қызығушылықтарына бейімделуімен ерекшеленеді. Осы ретте қазақстандық және әлемдік үздік дәстүрлер мен озық білім жүйелерін қамтитын, халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатын, белсенді азаматтық ұстанымы бар, жоғары білімді тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған инновациялық мектеп моделін құру өзекті мәселеге айналады. Инновациялық мектеп моделін құру құндылықтарды арттыруды, мектептегі білім мазмұны мен құрылымына өзгеріс енгізуді, белсенді оқыту әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау қағидаттарын, сондай-ақ өзара әрекеттесу тәсілдерін қолдануды талап етеді. Бұлардың жиынтығы білім сапасын анықтайдыҚойылған мақсаттарды жүзеге асыруда еліміздің білім беру саясатының басым бағыттарының бірі – мектеп оқушыларының қабілеттерін жан-жақты дамытып, олардың әлеуеттік қабілеттерін барынша ашуға бағытталған Назарбаев Зияткерлік мектептерін (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) құру болып табылады. Аталған мектептердің жоғары сыныптарында оқушыларды жетекші ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау көзделгенБілім беру бағдарламасының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сай пәндердің мазмұнын қамтиды, сонымен қатар GCE AS/A-level халықаралық бағдарламасының (Ұлыбритания) мазмұнымен сәйкес келеді.Педагогикалық өлшемдер орталығы оқушылар мен мұғалімдердің конкурстық негізде іріктеуді, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, Зияткерлік мектептер түлектерінің қорытынды аттестациясын ұйымдастыру, ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын бағалау, Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курстарында тәлімгерлер және мұғалімдердің жұмысын бағалау қызметтерін жүзеге асырып, ғылыми-зерттеушілік, ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық тұрғыдан қолдау жасайды.Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |