1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Тақырып 4 Психодиагностиканың негізгі талаптары



бет35/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52
Тақырып 4 Психодиагностиканың негізгі талаптары

Жоспар
1. Әдістемелердің валидтілігі.


2. Критерилер.
3. Жағдаяттар.
Зерттеу кезінде психологтық-педагогтық эксперимент сенімді болу үшін нәтижелер дұрыс, психодиагностикалық әдістер ғылыми негізделген болуы керек. Әдістер нақты, валидті, сенімді болғаны дұрыс.
«Валидтілік» деген термин европа тілінен кірген. Ол толық, жарамды деген мағынаны білдіреді.
Валидтілік мінездемесі ол әдістемені қолдану сферасы, жағдайы туралы да түсінік береді.
Валидтіліктің бірнеше түрлері бар. Олар теориалық және практикалық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Теориалы валидтілік – зерттеудің сапасы мен көрсеткіштері басқа әдістемелердің сапасы мен көрсеткіштері менсәйкес келуімен анықталады.Теориалық валидтілік бір қасиеті бір теорияға сүйеніп, бірнеше әдістемелер арқылы анықтайды.
Эмпирикалық валидтілік – зерттелінушінің шынайы мінез-құлқына алынған нәтижелердің сәйкес болуы.
Ішкі валидтілік - әдістемелердің тапсырмалары, тестері әдістеменің мақсатына сәйкес келуі.
Сыртқы валидтілік – бұл жерде көрсеткіштер менәдістеме арасында байланыстар неғұрлыым маңызды, зерттелінушінің мінез-құлқының сыртқы белгілеріне сәйкес келуі.
Әдістемені құрған кезде оның валидтілігін анықтау өте қиын. Ол көп рет қолданғаннан кейін тексеріледі және анықталынады.
Валидтілік критерилері – берілген әдістеме валидті ме, жоқ па деп анықтаудағы негізгі белгілер.
1. Мінез-құлық көрсеткіштері - әр түрлі өмір жағдайындағы зерттелінушінің реакциялары және әрекеттері.
2. Зерттелінушінің әр түрлі әрекеттегі, оқудағы, еңбектегі, творчествадағы жетістіктері.
3. Әр түрлі бақылау тапсырмаларын орындаудағы мәліметтер.
4. Басқа әдістемелер арқылы алынған мәліметтер, тексерілген әдістемелердің валидтілігі мен байланысының нақтылығы.
Әдістеменің сенімділігі – нақты көрсеткіштердің алынуы.
Психологиялық тестілеу нәтижелері өлшеу аспабының спасына, зерттелінушінің нұсқауды дұрыс түсінуі, экспериментатордың мінез-құлқы, зерттелінушінің психологиялық жағдайының өзектілігіне байланысты.
Психодиагностикалық әдістемелердің сенімділіктік екі әдіспен анықтайды. Көп адамдардың нәтижелерін және бір адамның нәтижесін салыстыру арқылы.
Әдістеменің нақтылығы – эксперимент кезінде қасиетті бағалаудағы сәл өзгерістерге икемді болуын айтады.
Әдістеменің нақтылығы техниканы өлшеу аспаптарының дәлдігімен салыстыруға болады.
Әдістеменің бір мағыналылығы - Әдістеменің көмегімен алынған нәтиже қаншалықты дәрежеде қасиеттің өзгерісін аша алатындығында.
Әдістемелерден басқа психодиагностикада нәтижелерге жағдаяттар да әсер етеді.Ол зерттелінущінің нұсқауды тұ\үсінуі, экспериментатордың тұлғасы мен мінез-құлқының тест кезіндегі өзін ұстауы.
Нұсқау мейілінше қарапайым және ұғынықты болу керек. Жазбаша түрде ұсынылса өте жақсы болады.
Экспериментатор байсалды, мінез-құлқы мейірімді, зерттелінушіге сыйластықпен қараса зерттеу өз нәтижесін дұрыс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет