1 Бөлім. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға 1-тақырып. Психологияға кіріспе


Тақырып 11 Заң тәжірибесінде аутогендік жаттығулардың теориясы мен техникасы



бет46/52
Дата16.09.2022
өлшемі251,8 Kb.
#39282
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Тақырып 11 Заң тәжірибесінде аутогендік жаттығулардың теориясы мен техникасы


Аутогенді жаттығулар немесе өзін-өзі жаттықтыру құбылысының физиологиялық механизмі жете тексерілмеген. Бірақ мехенизмі өзі - өзі сендіру мен гипноздағыдай. Бұл жағдайдағы электроэнцефалографиялық өзгерістер гипноз кезеніндегідей болады (А.М. Свядош). Өзін - өзі жаттықтыру негізінде Р.С.Шульц ұсынған алты жаттығу алынған. Бұл жаттығулар жатқан не отырған жағдайда жасалады.
Бірінші жаттығу. Көзді жұмып: «мен мүлде тынышпын», «менің оң қолым мүлде ауыр» деу керек. Бұл жаттығу 1 – 2 минөтке созылады және күніне 2 – 3 рет қайталанады. Бірнеше күннен соң жаттығуды сол қолы мен аяқтарына жасау керек. Жаттығудан соң үш рет буындарды шұғыл бүгіп, қолдың қоспасын жұмып, қатты дем шығарып, көзді ашу керек. Бұл жаттығуды игеруге екі апта уақыт кетеді.
Екінші жаттығу денені ауырлатуға ғана емес, аяқ – қол мен бүкіл дененің біртіндеп жылынуына бағытталады. Ұзақтығы екі апта.
Үшінші жаттығу жүрек соғуы жиілігін басқаруға арналған. Дене ауырлап, жылынған соң «жүректің бір қалыпты соғуын» елестету.
Төртінші жаттығу бір қалыпты және іштей тыныс алу қабілетін тудырады. Мұның алдында алдыңғы үш жаттығу қайталанады.
Бесінші жаттығу – қарынның жылынуын сезіну. Мұнан бұрын төрт жаттығу қайталанады.
Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығу қайталанады. Алтыншы жаттығуда әуелгі бес жаттығудан соң маңдайдың біраз салқындағаны сезіледі. Осы алты жаттығуды игеру 12 аптаға созылады.
Өзін - өзі жаттықтыру әдісі жүрек – қан тамырларымен невроз, есекжем және басқа тері ауруларына қолданылады. Бұл әдіс емтихан, спорт жарыстары алдында, ми мен дене шаршағанда, психогигиеналық және психопрофилактикалық мақсатта жүргізіледі. Мұндай жаттығулар арқылы ауру адам ішкі мүшелерін, вегатативтік жүйке жүйесін, өзінің сезімі мен ойын басқара алады. Зақымданудың ерекшелігіне, ұйқыға шейінгі психотерапия және кейде дәрлерді қабылдауға байланысты жаттығулар өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет