1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты



бет1/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
1-äå?ãåé Îðãàíèêàëû? ñèíòåç³ ï?í³í³? ìàçì?íû ìåí ìà?ñàòû


1-деңгей
1. Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты ;
Химиялық синтез пәнін оқытудың мақсаты өзімізге қажетті әр түрлі заттарды синтездеп алуда, ашуда органикалық реакциялардың маңызын ашу. Бұл мақсатты шешу пән алдына келесі міндеттерді жүктейді
1.Органикалық химиялық құрылыс теориясын меңгеру.
2.Органикалық қосылысгар кластарының қасиеттерін, әр түрлі реакцияға түсу қабілеттерін жетік білу.
3.Әр студент өз бетінше синтез жасауға қабілетті бола алуы керек
Химиялық синтез пәні жоғары оқу орындары оқу жоспарларына енгізілген.Бұл пәнді жете меңгеру дайындалған мамандардың өздігінше, өз алдына күрделі ғылыми техникалық, ғылыми-педагогикалық мәселелерді қойып, өздігінше оларды шеше алатын қабілеттерді қалыптастырады.
Органикалық синтез – өнеркәсіпті және лабораториялық масштабта органикалық қосылыстарды жасанды құрастырудың әдістері мен жолдарын қарастыратын органикалық химияның бөлігі.
Органикалық синтездің жүруі екі негізгі сұрақтармен байланысты: 1) синтездің жалпы жоспарын құрастыру, яғни оптимальді бастапқы қосылыстарды таңдау және негізгі өнімге қысқа жолмен әкелетін стадиялар реттілігі (синтез стратегиясы); 2) құрастырылатын молекуланың белгілі байланысты құрастыру мүмкінділігін қамтамасыз ететін синтетикалық әдістерді таңдау немесе құрастыру (синтез тактикасы).
Органикалық синтезінің негізгі әдістерін үш топқа бөлуге болады: 1) конструктивті, олар жаңа С—С байланыстарының түзілуіне әкеледі, мақсаты – келешек молекуланың қанқасын құрастыру (Гриньяр, Фридель-Крафтс реакциялары, циклоқосылу); 2) деструктивті, олар синтезде ролін ойнап болған топтың молекуладан аластату мақсатымен жүретін, белгілі С—С байланыстардың үзілуіне әкеледі (декарбоксилдеу, диолдардың тотығуы); 3) функциональді топтарды трансформациялау әдістері.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: органикалық қосылыстардың электронды эффектілер – индуктивті және мезомерлі, органикалық реакциялардың жіктелуі, органикалық қосылыстарды синтездеу әдістері.
Органикалық синтездің мақсаты - құнды физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері бар заттарды алу немесе олардың теориялар болжамын тексеру. Заманауи органикалық синтез кез - келген органикалық молекулаларды алуға мүмкіндік береді.
УрОРАН Органикалық синтез институты (ОСИ, Екатеринбург).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет