12.Орнитоз ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Орнитоз (Ornithosis, орнитоз) – негізінен жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру. Қоздырушысы – Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм.
Балау індеттанулық (эпизоотологиялық және эпидемиологиялық) деректерді, аурудың клиникалық және патологоанатомиялық белгілерін ескере отырып, лабораториялық тексерулердің нәтижесіне сүйенеді.
Ауру құстың бауыры мен көкбауырынан алынған жағындыны микроскоптау арқылы хламидияның цитоплазмалық денешіктеріне тексереді, ауру қоздырушысын бөліп алады, құстың қанын комплемент байланыстыру реакциясымен тексереді. Сонымен қатар орнитоз аллергенімен тері сынамасын қояды.
Қорытынды диагнозды ауру және өлген құстан вирусты бөліп, оны идентификация жасау негізінде және серологиялық және иммунологиялық реакциялар қою негізінде қояды. Лабораторияға құстың өлекселерін бұзылмаған түрінде, 5% фнеол немесе лизол ерітіндісі сіңірілген дәке немесе материалға орап жібереді. Вирусты бөлу үшін ауру құстың температурасы көтерілген уақытта қан және мұрын маңқасын, нәжіс алады, ал өлген құстан - өкпе, бауыр, қарабауыр, вирустың элементарлық денешігін табу үшін патологиялық материалдан жұғынды жасап, бояп микроскоппен қарау керек.
Диференциалды диагноз. Вирусты синуситті (тұмау), паратифті, пастереллезді, респираторлық микоплазмоздан, сальмонеллезден, риккетсиоздан, тұмаудан ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |