1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет105/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

15.Құс тұмауы - эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру.

Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Италияда Перрончито (1880) «тауықтың сүзегі» деген атпен сипаттады. Кейіннен бірқатар елде байқалып, құстың европалық немесе кәдімгі обасы деп аталды. Аурудың қоздырушысы вирус екендігін 1901 ж Чентани дәлелдеді, 1951 ж бұл вирус Influenza virus, ал ауру тұмау деп аталатын болды.

Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.

Сыртқы ортада вирус біршама төзімді. 65-70°С-та 2-5 мин. белсенділігін жояды. 4°С температурада зардаптылығын бірнеше апта сақтайды. Төменгі температура мен лиофильді кептіргенде 2 жылға дейін сақталады. 5% тұз қышқылы, 4% фенол, 3% хлорлы әк, 2% күйдіргіш натрий,' 5% карбол қышқылы ерітінділері вирусты 5 мин. ішінде бейтараптайды.

Тұмаумен барлық үй, синантроптық және жабайы құстар ауырады. Вирустың көптеген штаммдары ауырмаған жыл құстарынан, әсіресе, ұя басатын жерлерінде, бөлініп алынады. Шаруашылыққа құстың тұмауының вирусы жеммен, құрал-жабдықтармен әкелінеді, әсіресе, жұмыртқа мен құс етін салған ыдыстар қауіпті. Алдымен балапандар немесе күйі нашар ересек құстар ауырады. Сүйтсе де ауру негізінен тыныс жолдары арқылы беріледі. Ауру қоздырушысының негізгі бастауы – ауырған және ауырып жазылған (2 ай бойы вирус алып жүреді) құстар. Аурудың таратушы факторлары шаруашылықтағы кемірушілер, мысық, жабайы құстар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет