32.Қойдың жыбырлақ ауруының патанатомиялық өзгерістері. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) – геморрагиялық энтеритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру. Қоздырушысы – Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac.oritoxicus аталатын Д-типі, Bac.paludis аталатын С-типі.
Көктемде және күзде өлген қойдың өлексесі тез бұзылып, ісіп кетеді. Өлексенің терісін сыпырған кезде оның көп жері қанталағаны бірден байқалады. Танаудан және ауыз қуысынан көпіршіктенген сілекей араласқан су ағады. Жүректің еті жұмсарған, оның ішкі және ортаңғы қабаттарының әр жерінде қан құйылғаны, қойдың қарыны қорытылмаған шөпке толып, аш ішектері кеуіп, ауаға толып тұрады. Ішектің қабығының әр жері қанталап, қызарғаны байқалады. Бауыр үлкейген, сұрғылт түсті болып, піскен бауырға ұқсайды. Бүйрек әдеттегіден жұмсарған, көбінесе езіліп кеткен сияқты болып көрінеді, оның сыртқы қабаты одан алынады.
Өкпе қанға кернеліп, домбығады, сыртынан көгерген қызыл түсті, тіліп қарағанда түсі қызыл болады. Аңқаның, кеңірдектің, бронхалардың кілегейлі қабықтары қанға кернеліп, көбікке толып тұрады. Перикардта ақшыл сары экссудат жиналады, ауаның әсерінен экссудат тез ұйиды. Эпикард пен миокард қанталаған. Көкбауыр әдетте өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |