34.Қойдың жыбырлақ ауруының емі, алдын алу шаралары. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) – геморрагиялық энтеритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру. Қоздырушысы – Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac.oritoxicus аталатын Д-типі, Bac.paludis аталатын С-типі.
Қойда ауру әдетте өте жіті өтетіндіктен ем қолданылып үлгермейді. Ауру бірен-саран байқалғанда қозының дизентериясы мен қойдың энтеротоксемиясына қарсы қосвалентті гипериммунды қан сарысуын пайдалануға болады. Онымен қоса биомицин, террамицин және синтомицин антибиотиктерін қолдануға болады. Түйенің энтеротоксемиясын емдеу туралы деректер жоқ.
Иммунитет. Ауырып жазылған қойда иммунитет қалыптасады. Белсенді иммундеу үшін қойдың брадзот, энтеротоксемия және қатерлі домбығуына, қозының анаэробты дизентериясына қарсы поливалентті вакцина қолданылады. Енжар иммундеу және емдеу үшін қос валентті қан сарысуы даярланады. Түйені энтеротоксемияға қарсы формоквасцалы вакцинамен егеді.
Жыбырлақ шыққан шаруашылықты бұл аурудан сау емес деп жариялап, шектеу қояды да, қойды шеттен әкелуге немесе әкетуге тиым салынады. Ол жер арқылы егілмеген қой отарын айдап өтуге, жемшөпті тасымалдауға тиым салынады. Өлген қойдың терісін алмай, өртеп жібереді. Өлексе жатқан жерді дезинфекциялайды. Ауру малдың көңін, жемшөптің қалдығын жағып жібереді. Ауырған малды союға болмайды. Шектеу жыбырлақтан соңғы қой өлген соң 20 күннен кейін алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |