17.Аусыл ауруының патогенезі. Аусыл – Аphtae episooticae – жұптұяқты малдың жіті, контагиозды түрде өтетін індеті. Аша тұяқты малдың тері мен кілегей қабықтарына күлдіреуіктер шығарып зақымдайтын, вирустың қатерлі әсерінен пайда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – А, О, С типтерге бөлінетін эпитеминотропты вирус.
Аурудың клиникалық белгілері байқалмай тұрып ірі қарада аусыл вирусын сүтте, спермада табуға болады. Ал вирусты көп мөлшерде везикулалардың сүйығында және эпителийде бөліп алады.
Вирус ағзаға тыныс және асқорыту жолдары, тері арқылы енеді, ал организмде вирус лимфа арқылы таралады. Содан кейін қоздырушы лимфа түйіндеріне жетіп, қанға түседі де сезімтал клеткаларымен тоқымаларда шоғырланады. Ауырған мал организмінде вирус мұрын және ауыз қуыстарының, өңеш, месқарын кілегейлі қабықтарында, жұлық терісінде, тұяқ арасында көбейеді.
Аусыл вирусымен зақымдалған клеткалардың өз белоктарының синтезі тежеледі де вирустар нуклеин қышқылы мен белоктарының түзүлуі басталады. Жиналған вирус компоненттері клеткалық құрылыстарға зақымын келтіреді. Сөйтіп, лизосомалар бұзылады, олардың ішіндегі заттар клетканы аутолизге ұшыратады, вирустың цитопатогендік әсері клеткалардың митозының бұзылуымен де байқалады.
Вирус тез арада көбейеді, ағзаның қорғаныс иммунологиялық реакциялары вирустың репродукциясын басып үлгермейді, бірақ-та бірнеше күннен кейін организмнің қорғану қабілеттері күшейеді, сөйтіп, вирусқа қарсы тұратын реакциялар пайда болады: алғашқы ошақта қабыну реакциясы, ацидоз, гипоксия дамиды, жергілікті температура жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |