14.Құтыру ауруының күресу шаралары. Құтырық (лат. Lуssа, ағыл. rabies) – судан қорқу, гидрофобия адам мен жануарлардың жіті жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын ауру.1903 жылы Ремленже және Риффат – бейвирустың сүзгіден өтетіндігін дәлелдеді. Осы жылы венгр ғалымы А.Негри құтырықтан өлген адам мен жануарлардың ми клеткаларында вирусқа тән қосындылардың болуын хабарлады. Ал бұған дейін, 1887 жылы осы қосындыларды құтырықтың балауында шешуші рөлін анықтаған румын микробиологы Бабеш 1950 жылы Прагада микробиологтардың Халықаралық конгрессінің шешуі бойынша бұл клеткадағы қосындыларды Бабеш-Негри денешіктері деп атады.
Құтыру ауруы белгілі болысымен шаруашылыққа карантин жарияланып,малдәрігері маманндары арнаулы нұсқауда көрсетілген шараларды іске асырады. Шаруашылықтағы үй малы және иттер түгелдей фенол қосылып жасалған вакцинамен егіледі.
Құтыру ауруы шыққан шаруашылықтарда малдарды немесе адамдарды қапқан иттер мен мысықтарды диагнозды анықтағанша қамап, бөлек ұстайды; өзге ауру малдарды ал құтырған ит пен мысықты және олардың күдіктілерін түгел жояды. Өлген малдардың ит пен мысықтардың өліктерін өртейді немесе утильзаводқа жөнелтеді. Ауру малдар тұрған орындарды формалиннің 2 проценттік ерітіндісімен немесе натрийдің 2 проценттік күйдіргіш ерітіндісімен дезинфекциялайды. Ауру малдардың сілекейімен былғанған киім-кешектерді қайнатып жуады, ал жууға болмайтын заттарды кварц лампасымен қыздырады.
Құтыру ауруымен күдіктенген малдардан сауылған сүтті 85° ыстықта 30 минут бойы пастеризацияланған соң немесе 5 минут уақыт қайнатқан соң ғана пайдаланады. Құтырып ауырған немесе күдік туғызған малдың сүтін ішуге тиым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |