1 дәріс. Қазіргі қазақ тілінің лексикология курсы



бет6/6
Дата26.12.2022
өлшемі127,67 Kb.
#59703
1   2   3   4   5   6
15-дәріс. Этимология

1.Этимологияның лексикология ғылымы үшін мәні. Лексикологияның негізгі объектісі



  1. Этимологияның өзіндік ерекшеліктері мен принциптері

  2. Этимологияның түрлері

  3. Қазақ тілі этимологиясының зерттелу айы.

Этимолгия тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді. Бұл термин тіл білімінде екі түрлі мағынада қолданылады: этимология, біріншіден, тарихи лексикологияның, сөздердің шығу тегін зерттейтін саласы дегенді білдірсе, екіншіден, сөздің шығу тегі, төркіні дегенді білдіреді.
Сөз этимологиясын айқындау өте күрделі және қиын мәселе болып саналады. Дегенмен сөздердің этимологиясын айқындаудың қиындығы барлық сөздерге бірдей айқындауды қиындатып соған орай, олардың этимологиясын күңгірттендіре түседі. Мысалы, тілдің қазіргі қалпының тұрғысынан алғанда, мына сөздердің құрамы түбірге я қосымшаға ажыратылмай, бір бүтін түбір ретінде қаралады: 1) жалқы, жалғыз, жалаң; 2) қайт, қайр; 3) өксі, өкір; 4)оят, оян, ояу; 5) жоқ, жой; 6) тоқ, той, тол; 7)тімтін, тіміскі (ле), тінт; 8) шұнақ, шұнти, шұнтаң, (да) 9) қисық, қисай, қисаң (басу) қиқай, қиғаш, қыңыр т.б. Мысалға келтірілген сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән ортақ түбірі бар екені даусыз. Мысалға жалқы, жалғыз, жалаң деген үш сөздің барлығына бірдей ортақ, ең алғашқы түбір - жал, ал -қы, -ғыз, -аң дейтін морфемалар - әр түрлі аффикстер. Бірақ бұл ортақ түбірдің ол бастағы мағынасы күңгірттеніп кеткен және ол дербес қолданылмай, аталған сөздердің құрамында ғана ұшырасады. Күңгірттеніп, көнелтіп кеткен мұндай түбірлердің сыр-сипаты этимологиялық зерттеулердің барысында айқындалады. Тілдің тарихи даму барысында сөздердің морфемалық құрамының көп өзгеріске ұшырап, соның нәтижесінде сөздің өзінің де тұлға-тұрпатының мүлдем басқаша болып кететінін мына мысалдардан да көруге болады,қазірде өйкені, әйтпесе деген сөзде құрамы ажыратылмайтын, түрлі морфемаларға' бөлінбейтін, бір бүтін сөздер ретінде ұғынылады. Ал, тарихи тұрғыдан алғанда, бұл сөздердің әрқайсысыда екі сөзден жасалған;өйткені дейтін сөз олай еткені деген екі сөздің бірігіп, өзгеріске ұшырауынан пайда болған

  1. Семантикалық принцип. Бүл принцип этимологиялық зерттеулерде сөз мағыналарын, сөздің семантикалық жақтан өзгеруін, даму жолдарын есепке алуды талап етеді. Этимолгиялық зерттеулерде сөз мағынасына, оның семантикалық жақтан өзгеруі мен дамуына әрі тарихи тұрғыдан,әрі туыстас тілдердегі сөздердің мағыналарымен салыстыру тұрғысынан қарау басты шарттардың бірі болып санапады. Мысалы, сағы сыну, кежегесі кейін тарту деген тұрақты сөз тіркесіндегі сақ, кежеге деген сөздер осы аталған тіркестердің құрамында ғана қолданылады. Бұл сөздердің мағынасы мен этимолгиясын туыстас басқа тілдердегі материалдармен салыстыру арқылы ғана айқындауға болады. Мысалы, сағы сыну деген сөз тіркесіндегі сақ хакас тіліндегі (саг) күш дегенді білдіреді хакас тілінде сам сыхты деген сөз тіркесі - «әлім бітті» сағ чок - « күш жоқ» деген мағынада да жұмсалады. Сөздердің этимологиясын айқындауда ерте дәуірлердегі жазба нұсқалардағы деректер мен ондағы сөздердің мағыналарын есепке алу көп көмегін тигізеді.

  2. Этимологиялық принцип. Бұл принцип белгілі бір сөздердің туына себепші болған тарихи жағдайларды жете білуді талап етеді. Этимологиялық зерттеулердің тек тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге тарих пен фолклордың археология мен этнографияның және т.б. ғылымдардың деректеріне сүйенуі өте-мөте қажет. Мысалы, құрал атауы - біз деген сөз ертеректе бігіз түрінде дыбысталған. Бұл көне форма өзбек, ұйғыр тілдерінде сақталған. Қырғыз, қарақалпақ т.б. түркі тілдерінде сөз ортасында г дыбысының редукцияланып түсіп қалуы нәтижесінде бұл сөз біз түрінде дыбысталған. Бігіз сөзі шығу төркіні және мағынасы жағынан мүйіз сөзімен байланыстырылады. Сонымен жоғарыда аталған принциптерді этимологиялық зерттеулерде қолдана білу сөздердің шығу тегін дұрыс бағытта айқындауға көметеседі. Этиологиялық зерттеулерде басқа тілдерден енген кірме сөздер мен топонимиялық атаулар да айрықша орын алады. ¥зақ замандар бойында өмір сүріп келе жатқан топонимикалық атаулардың этимологиясын айқындаудың тіл тарихы мен халық тарихын танып білуде үлкен мән бар.

Пайдаланылатын эдебиеттер



  1. Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А, Санат, 1997 ж.,

  2. Ә. Болғанбаев. Қазақ тілі лексикологиясы. А, 1979, 1988.1995.,

  3. Ә. Болғанбаев. Казак тілінің лексикологиясына кіріспе. Санат, А.

  4. М. Белбаева. Қазақтілінің лексикологиясы. Мектеп, А., 1976. ^

  5. Кеңесбаев. Ғ. Мұсабаев. Қазіргі қазак тілі (лексика, фонетика). А., 1975.

  6. Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі казак тілі. А., 2005.

  7. А. Айғабылов . Қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1996 ж.

  8. К. Аханов. Қазақ тілінің лексикологиясының мәселелері. А. 1956 ж.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет