Аристотель (б.з.б 384-322) - ежелгі грек философы жəне ғалымы.
Көптеген ғалымдардың, соның ішінде логика (формальды логика) ғылымының
негізін қалаушы. Қазіргі барша философия тарихшылары Аристотельді ерте
заманның ұлы ойшылы ретінде таниды, «грек философиясының ұлы
қолбасшысы - философияның Александр Македонскиі» ретінде мойындайды.
Аристотель Фракиядағы Стагүр қаласында туған. Афины қаласында
оқып білім жетілдіреді. Он жеті жасында Платон академиясына түсіп, Платон
қайтыс болғанға дейін (20 жыл бойы) сонда ғылыммен шұғылданады. Б.з.б. 343 жыл Македония патшасы - Филипп Аристотельдің баласы Александрдың
ұстазы болуға шақырады. Александр патша болғаннан кейін Аристотель
алдымен Стагирға, одан Афиныға оралады.
Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. «Метафизикада» Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі жəне «əрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мəні», «табиғат дегеніміз – форма жəне мəн».
Аристотельдің пікірінше, философияның пəні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мəндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. «Метафизикада» жəне басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мəнін түсіндіруде осы аталған себептердің бəрі бірдей қамтылуы қажет.
Жез мүсіннің мəнін түсіну үшін, əрине ең алдымен оның субстраты
(материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен,
эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді əрі қарай жалғастыра білуге тура келеді. Осыдан келіп: - Мүсіннің мүсін болуы неліктен? – деген сұраққа Аристотель: - формадан, - деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мəні, əрі іс-əрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды.
Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол – материя дəрменсіз, формаға тəуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді жəне творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің идеялистік қателері, əсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі жəне материядан бұрынғы нəрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді.
Александр Македонский Аристотель шəкірті болғандықтан, оған патша
тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай
деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті
Аристотельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мəселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар: 1. Эллиндік кезең. Техника мен мəдениет деңгейі.
2. Ғылыми білімнің тууы.
3. Антикалық ғылымның алғашқы этапы.
4. Атомистиканың пайда болуы.
5. Антикалық жəне қазіргі заманғы атомизм.
6. Аристотель. Өмірбаяны мен ғылымы.
7. Аристотельдік дəуірден кейінгі атомистика.
8. Архимед.
9. Евклид.
10. Птолемей.
11. Лукреций. «Заттар табиғаты туралы» трактаты
12. Гректің, Евклидтің, Птолемейдің оптикасы.
13. Герон. Герон катоптрикасы.
14. Александрия механикасы. Филон.