1-дәріс: Физика тарихының пəні, мақсаттары жəне зерттеу əдістері Физика тарихыны пəні



бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі0,84 Mb.
#133512
1   2   3   4
Байланысты:
1-2 дарис ИФ (копия)

Атомистер (Левкипп, Демокрит, Эпикур). Демокрит (шамамен б.э.д. 460-
370 жж.) жəне Левкипп (б.э.д. V ғ.) барлық денелер біріншілік материядан
тұрады деп айтқан. Демокриттің шығармалары бізге жетпеген, сондықтан біз тек қана оның қандай бағытта жұмыс істегенін айта аламыз. Демокриттің зертеуін Эпикур (б.э.д. 341-270 жж.) өңдеген, өкінішке орай оның негізгі шығармасы сақталмаған. Дегенмен оны Тит Лукреций Кар «Заттың табиғаты туралы» поэмасында мазмұндап жазған. Демокрит-Эпикур зерттеулерінің негізі, Лукреций жазып кеткендей, онда үш принцип жатыр: материяның сақталуы, формалардың (материяның түрлерінің) сақталуы, боссыздықтың болуы.
Физиканың əр түрлі облыстарында антикалық ғылымның жетістіктері
қандай болды?
Механика. Алғашында механика қолданбалы ғылым болған, тек кейін
ғана механикада алғашқы теориялық қорытындылар пайда бола бастады.
Олардың бірі қарапайым механизмді қарастыру, бірінші кезекте, рычаг
проблемасын шешу. Осы мəселемен Арихимед («Таразы туралы» ), Евклид жəне тағы да басқа да ғалымдар айналысқан.
Гидростатика. Антикалық ғылымдар гидростатика мəселесін де өте маңызды деп санады. Архимед денелердің жүзу шарттарын қалыптастырды.
Бұл бізге қазір Архимед заңы деген атпен белгілі. «Ауаның ауырлығы» деп ежелгілер оның пневматикалық қасиеттеріне қарай айтқан. Осыған үлес қосқан Герон Александрийскийдің «Қозғалысы» антикалық ғалымдардың қозғаған мəселерінің бірі. Ол Аристотельдің «Физикасында» жүйелі көрсетілген.
Акустика. Акустика туралы алғашқы ұғымдар Пифагорға жатқызылады.
Осыған орай, пифагорлықтар дауыстың таралу жылдамдығы оның жоғарлылығына байланысты, бірақ олар жоғарылылықтың тербеліс жиілігіне байланысты екенін білмеді.
Оптика. Оған антикалық ғалым Евклидті (б.э.д. III ғ.) жатқызады, ол евклидтік геометрияны сол кезде «Бастаулар» атты шығармасында жазған жəне де ол «Оптика» жəне «Катоптрика» (аударғанда «Көріністер туралы», жəне «Шағылу көріністері туралы» дегенді білдіреді) шығармаларын жазды. Оның бұл жұмыстарында қазіргі геометриялық оптиканың бастамалары жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет