1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары



бет29/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек. Егер де ересек адам тамақпен және сумен жеткілікті мөлшерде йод алып отырмаса, эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл – қалқанша безінің ісінуі. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен кретинизм ауруы пайда болады

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері



Гормондар

Бөлетін бездер

Ағзаға әсері

Тироксин

Қалқанша безі

Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады

Паратгормон

Қалқаншамаңы безі

Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин

Ұйқыбездің аралды бөлігі

Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон

-"-

Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді

Адреналин

Бүйрекүсті бездің без заты

Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин

-"-

Қантамырларын тарылтады

Өсу гормоны [соматропты гормон)

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Гиреотропты гормон

-"-

Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді

Адренокортикотропты гормон [АКТГ)

-"-

Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Экцитоцин

Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)

Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин

Example

Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон (андрогендер)

Аталық бездер

Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер)

Аналық бездер

Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

13Дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет