1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет14/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
Таза өсінді дегеніміз микробтың жеке колониясынан бөлініп алынған микроорагинзмдердің бір түрі яғни ұқсас морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттерімен сипатталатын, қоректік ортада бөлінген біртекті микроорганизмдер жиынтығы. Таза өсінді бөлу кез келген бактериологиялық зерттеудің міндетті түрдегі этапына жатады. Таза өсінді зерттелетін микробтың морфологиялық, культуральдық, биохимиялық, биохимиялық жəне антигендік қасиеттерін анықтау үшін қажет.

Микроорганизмдердің негізгі топтары, олардың сипаттамасы. Табиғатта ең жиі кездесетін жəне микробиологиялық өндірісте кең қолданылатын топтарға микроскопиялық саңырауқұлақтар (ашытқылар мен көгергендер), сəулелік саңырауқұлақтар, сонымен қатар бактериялар жатады. Олардың клеткаларының өлшемдері 0,5-10 мкм аралығында болады, олар жарық микроскоптарында жақсы көрінеді. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің көп ауруларының қоздырушысы болып вирустар табылады. Оларды тек электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады, себебі вирустардың өлшемі 10 нан 400 нм Ге дейін өзгереді.

Бактериялардың пішіндері. Бактериялар шар- немесе коккитəріздес, таяқшатəріздес жəне тармақталған пішінді болады.

1) Коккитəріздес бактериялар – өлшемі 0,5-10 мкм шамасындағы шартəріздес жасушалар. Егер шартəрізді бактериялар топта екі-екіден орналасса оларды диплококка 6 (пневмококк, менингококк), топта төрттен орналасса – тетракокка, топта сегізден орналасса – сарцина, тізбектеліп орналасса - стрептококка, жүзім шоғы тəрізді орналасса – стафилококка деп атайды.

2) Таяқшатəріздес бактериялар өлшемдеріне, жасушалардың аяқталуына, жасушалардың өзара орналасуына қарай ерекшеленеді. Жасушалардың ұзындығы 1,0 –ден 10 мкм-ге дейін болады. Олар бактерия, бацилла, клостридияларға жіктеледі. Бактерияларспора түзбейтін (ішек, дизентерия, туберкулез жəне т.б) таяқша тəріздес микробтар. Бациллалардың споралары жасуша диаметрінен аспайды (сибирь жарасы бацилласы). Клостридия споралары жасуша диаметрінен үлкенірек(батулизм, столбнякклостридиясы)

3) Имек пішіндес бактерияларға – виброндар, спиральдар, спирохеттер жатады. Вибриондар үтір белгісіне ұқсас имек таяқша(холера, су вибриондары). Спиралдар – бір немесе бірнеше орамы бар спиралды бактериялар. Спирохеттер жіңішке, ұзынша, имек, штопр тəрізді бактериялар (сифилис жəне тифтің қоздырғыштары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет