№10 дәріс
Тақырыбы: Көмірсулар
Көмірсулар
табиғатта кең таралған органикалық қосылыстардың бірі боп есептеледі.
Олар барлық тірі ағзалар (бактерия, өсімдік, жануар) жасушаларының құрамына кіреді.
Көмірсулар өсімдіктерде (массаға шаққанда) 80%-ға дейін, адам мен жануарлар ағзасында
2%-ға дейін болады. Олар жасыл өсімдіктерде фотосинтез
реакциясы нәтижесінде
көмірқышқыл газы (СО
2
) мен судан (Н
2
О) пайда болады. Фотосинтез үрдісінің жалпы
теңдеуі төмендегідей:
6СО
2
+ 6Н
2
О + 2874 кДж С
6
Н
12
О
6
+ 6О
2
Көрсетілген үрдіс өсімдіктер хлорофилінде күн сәулесі қуатының әсерімен өтеді.
Жануарлар ағзасында қарапайым бейорганикалық
қосылыстардан көмірсулар
түзілмейді. Сондықтан жануарлар ағзасына көмірсулар өсімдіктерді қорек ретінде
пайдалану арқылы түсіп отыруы тиіс.
Көмірсулар ағзада неше түрлі маңызды қызмет атқарады.
Біріншіден олардың
энергетикалық ролін айта кету жөн. Көмірсулар жасушаға қажет қуаттың ең басты көзі
боп табылады.
Өсімдіктерде крахмал, ал жануарлар ағзасында гликоген қор ретінде
жиналады.
Көмірсулардың келесі аса маңызды қызметтерінің бірі – құрылымдық қызметі. Олар
өсімдіктердің жасуша қабықшасының құрамына кіріп, оның қанқасын құрайды. Мысалы,
өсімдік жасушаларының қабықшасы целлюлоза талшықтарынан тұрады.
Сондай-ақ,
көмірсулардың кейбір өкілдерінен (D-рибоза, D-дезоксирибоза) нуклеин қышқылдары
түзіледі, қайсыбірі нуклеотидтік коферменттердің құрамына кіреді.
Көмірсулар қорғаныштық қызмет те атқарады.
Мысалы бауырда УДФ-глюкурон
қышқылы көптеген улы қосылыстарды байланыстырып, усыз күйге айналдырады.
Көмірсулардың рецепторлық қызметі де маңызды.
Көптеген антиденелердің
құрамдас бөлігі ретінде, олар өз антигендерін «танып алуын» қамтамасыз етеді.
Гормондар мен нейромедиаторлар
рецепторларының құрамына еніп, жасуша тіршілігін
реттеуге қатысады.
Иммунитетті қамтуда да көмірсулардың маңызы өте зор.
Көмірсулардың жіктелуі
Қазіргі кезде белгілі көмірсуларды молекулаларының күрделілігіне
байланысты
үлкен екі топқа бөледі – жай көмірсулар,
немесе
моносахаридтер,
және күрделі
көмірсулар –
олигосахаридтер мен полисахаридтер.
Көмірсулар
Жай көмірсулар Күрделі көмірсулар
(Моносахаридтер)
Альдозалар Кетозалар
Олигосахаридтер
Полисахаридтер
Гомополисахаридтер
Гетерополисахаридтер