1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары


«Мен-концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді



бет27/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
«Мен-концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді:
1. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез- құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі.
2. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен -Концепциясы» оның маңайында қабылдаудың барлық бейнелері қалыптасады.
3. «Мен - Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі және де әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдарының жиынтығы болып табылады.
4. «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез - құлық оған толығымен бағына бастайды.
5.«Мен - Концепциясы» уақытпен жэне жағдайлық контекспен санасады, бұл оның болжамдық құндылығы болып табылады.
6.Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалау
тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады.
7.Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаны стратегиялары қолданылады.
8.Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі – өзіңді актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен Концепцияларының» құндылықтарынжоғарылату және жоғалтпау.
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар. Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар. Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді. Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты. Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз.
Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: « Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді деп атап айтқан болатын. Бұл оймен мен де толықтай келісемін. Және бүгінгі таңда жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің нәрімен сусындатып, әр баланың, әр адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып, тәрбие саласында қызмет етіп жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Сонымен қатар өз еліне адал, халқын қастерлейтін, білімді, саналы, рухани құндылықтарды бойына толық қалыптастырған қоғамда өз орнын таба білетіндей бағыт берудің қажеттілігіне басты назар аударылуда. Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, әпсаналары, ертегілері арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бауырмашылдық, адалдық, адамгершілік, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты қаситтерді Қаз дауысты Қазыбек былай суреттейді: Біз қазақ елі мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізді жау басынбасын деп Ордамыздан құт қашпасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Дұшпанның аяғына жаншылмаған елміз, Басымыздан намысты асырмаған елміз, Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз. Атаның өсиетін балаға, Баланың өнерін атаға Айтып, тарата білген елміз. Құлақтың құрышын қандырып Әділ сөзді халыққа айта білген елміз. Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді, өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы. Жеке адам болу дегеніміз — азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу. Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М. Х. Дулати. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. «Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі айырмашылығын айтуға болады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда жас және дара ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық әрекетін нәтижелі ұйымдастыру шарттарының бірі — балалардың жас және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру». Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі және шығармашылық қызмет — әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігінің өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиеттерден тұрады. Бүкіл адамзат тегіне тән, жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өздеріне тән қасиеттері бар. Әлем әрқашан түрлі дауыстар, түрлі үндерден тұрады. Бір-біріне даралығы жағынан ұқсамайды әр адамның бойы, түрі, салмағы, дене бітімі, әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениеттің әр түрлі-деңгейі сияқты ерекшеліктер болып табылады. Адам дүниедегі ең басты құндылық. Құндылықтар оның қоршаған дүниеге қатысты ұстанымдары мен қатынасын қалыптастыру, күрделі әрі өзгермелі әлемде бағыт-бағдарын айқындауға әсер етеді. Тек тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде адами әрекет құндылықтар арқылы реттеліп отырады. Аксиология құндылықтар табиғаты оларды реалдылықтағы орны және құндылық әлемінің құрлысы, өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрлысымен байланысы туралы философиялық ілім. Кең мағынасында мәдениет әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін, оның адамгершіліктік санасын білдіреді. Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет болмысының құрамдас бөлігі болып табылады.
Тұлғаның дамуында әлеуметтенудің маңызы да ерекше зор. Әлеуметтену ұғым ретінде адамның қоғаммен өзара әсерлесуін сипаттайды. Ал әлеуметтену ұғымының толық мағынасы екі бағыттағы көз-қарастар негізінде түсіндіріледі. Бірінші бағыттағы американ әлеуметтанушылары (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтенудің мағынасын биологиядағы «ағзаның орта жағдайларына бейімделуі» идеясына сәйкес әлеуметтік факторларға байланысты анықталатын бейімделуі деп қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет