7) strtod (str1, str2) функциясы берілген қатарды double типті санға ауыстырады.
8) strchr (str, c) функциясы берілген қатардағы коды көрсетілген символдың позициясын анықтайды.
9) strrev(str)функциясы берілген қатардың барлық символдарын керісінше бейнелейді.
10) strpbrk (str1, str2) функциясы 2-ші қатардың кез келген символын 1-ші қатардан іздейді.
1-мысал. Латын алфавиті әріптерін экранға шығару программасы төмендегідей болады:
#include #include void main() { char z; for(z='A';z<='Z';z++) putchar(z); getch(); } Нәтижесі:
ABCDEFGHIJKLMNOPQRSTUVWXYZ Бақылау сұрақтары: 1. Тіркестік айнымалылардың сипатталу тəсілдері қандай?
2. Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
3. Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
4. Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?
5. Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады? 6. Сөз тіркестерін енгізу функциялары.
7. Сөз тіркестерін шығару функциялары
8. С тілінде сөз тіркестерін өңдейтін қандай функциялар бар?
9. Сөз тіркестерін өңдейтін функциялар қалай пайдаланады
10. Сөз тіркестерін өңдейтін функциялар қалай жазылады?