Бақылау сұрақтары: 1. Екі өлшемді массивті – матрицаны сипаттау, бастапқы мəндерді тағайындау тəсілдері.
2. Матрица элементтерін толық өңдейтін алгоритмдер.
3. Матрицалардың көрсетілген элементтерін өңдеу тəсілдері.
4. Матрицалардың диагоналына байланысты орналасқан элементтерін өңдеу жолдары.
5. Матрицалардың жолдарының жəне бағаналарының ең үлкен (кіші) элем ент терін, қосындыларын, көбейтінділерін табу.
6. Матрицалардың жолдарында жəне бағаналарында орналасқан элемент терді өсуі (кемуі) бойынша реттеу алгоритмдері.
14-дәріс. Бір біріне қабаттасқан алгоритмдер 14.1.Бір-біріне қабаттақан процесстер. 14.2. Қабаттасқан суммалар. Бір-біріне салынған процесстерді ұйымдастыруда бір цикл операторы құрамында екінші бір цикл операторы болуы мүмкін. Бұл жағдайда бірінші цикл операторы – сыртқы цикл, ал оның құрамындағы екінші оператор – ішкі цикл деп аталады.
Сыртқы және ішкі циклді ұйымдастыруда мына шарт орындалады: ішкі циклдің барлық операторлары сыртқы цикл денесіне толық енеді.
Мысал. Берілген қосындыны есептеудің программасын жазайық.
#include #include main () { int i,j; float s; s=0; for (i=1; i<=100; i++) {for (j=1; j<=50; j++) s=s+1.0/(i+pow(j,2); } printf("s=%7.4f",s); getch(); return 0; }
Бақылау сұрақтары: 1. for цикл операторындағы жақша ішіндегі бір немесе бірнеше өрнектерді жазбауға бола ма?
2. for цикл операторы нүктелі үтірмен аяқтала ала ма?
3. for цикл операторында қай кезде құрама операторлар қолданылады?
4. Қабаттаса орналасқан циклдерді пайдаланудың ерекшеліктері.
15-дәріс. Сөз тіркестері 15.1. Символдық таңбаларды енгізу және шығару. 15.2. Сөз тіркесін өңдеу функциялары. Сөз тіркестері char типті бір өлшемді массив ретінде қарастырылады, яғни сөз тіркесі – нөлдік байтпен аяқталатын char типті бір өлшемді массив. Нөлдік байт – барлық биттері де нөлге тең байт, ол ´ \0 ´ символдық константасымен анықталады (тіркес соңы белгісі немесе нөл-терминатор). Сондықтан егер тіркесте k символ болса, онда массив сипаттауда k+1 элемент көрсетілуі тиіс.
Мысалы, char a[7] деген сипаттау тіркестің 6 символдан тұратынын, ал соңғы байт нөлдік екенін білдіреді. Си тіліндегі тіркестік (жолдық) константа – қос тырнақшаға алынған символдар жиыны. Мысалы, “Берілген тапсырма” тіркесі, оның соңына нөлдік байтты компилятор автоматты түрде өзі жазады.
Айнымалы мәні болатын сөз тіркесін сипаттау кезінде бірден көрсетуге болады, мысалы,