№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет16/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми
ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы əр ќилы аурулардың
себептерін ќарастырады.
Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология –
ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау
не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен
соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар
психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде
“патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина
ғылымымен оќу – тəрбие істерін зерттейтін пəн – педагогика мен жан дүниесінің сырын
ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.
Еңбек психологиясы – адамның іс – əрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті
ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мəселелерін ќарастырады.
Еңбек психологиясының маќсаты – əр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек
дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кəсіптік жағдайдың адамға тигізетін əсерін,
ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын
ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен –
байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл,
негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен əр түрлі операторлардың жұмысын
зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мəселе эргономика деп аталады. Бұл
термин гректің “эргон” – жұмыс жєне “номос” – заң деген екі сөзінің бірігуі нəтижесінде
пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында ќатынас орнатудың түйінді
мєселелері болып саналатын еңбек єрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялыќ
ерекшеліктері, жүйке жүйесінің ќызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі
жетекші рөлі, техникалыќ ќұрал – жабдыќтар эстетикасы жəне автоматтанған тетіктер
теориясына ќатысты мəселелер ќарастырылып, олардың сыр – сипаты зерттеледі.
Эргономика, негізінен, “адам – машина – орта жағдайын” ќарастыра отырып, олардың
неғұрлым өнімді болуы мен нєтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп
ќояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет