№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде



Pdf көрінісі
бет13/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-
қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс
ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория
ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың
көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тəжірбиелік)
ғылым болуына жол ашты.
XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына
қысқаша жəне нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні
бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы
көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана
туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы
ғылым. Осылардың əрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.
Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері
4-кезең
3-кезең
2-кезең
1-кезең
Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі
замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара
байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух”
материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай жəне осы


тектес философиялық жəне идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға
адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса,
екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан
түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.
Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда
ұзақ уақыт интроспекция əдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық əдіс болды.
Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін
“жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан
сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция
əдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті
психология айтарлықтай мəнді əсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын
ұсынды;
• В.Вундт жəне Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;
• Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;
• У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;
• В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.
Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау əдістемесі
ретінде қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет