№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 3. Ойлаудың психологиялық теориялары



Pdf көрінісі
бет76/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 3. Ойлаудың психологиялық теориялары
1. Ойлаудың ассоциативтiк теориялары.
Құрылымдық психологияға сəйкес, жеке сезiмдiк елестер психологиялық
тəжiрибенiң бастапқы элементтерi болып табылады. Осындай жеке сезiмдiк елестер
арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрасттылық, уақыт пен кеңiстiкте
сəйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтiк психологияда
ойлау сезiмдiк елестердiң ассоциациясы ретiнде түсiнiледi. Бұл бағыттағы
психологтардың негiзгi қойған мiндетi – ойлаудың белгiлi логикалық формаларын
ассоциация заңына сəйкес түсiндiру. өғымдардың қалыптасуы елестердi ассоцияциялау
барысында жүзеге асады деп есептелiндi. Пiкiр ұғымдарды ассоцияциялау, ал ой
қорытындысы пiкiрлердiң ассоцациялау нəтижесi ретiнде түсiндiрiлдi.
Осылайша, мəндi мен жалпының арасына теңдiк белгiсiн қою тұтас ассоцианизмге
тəн құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесi тұжырымдар ендi.
1) 
Г. Мюллердiң ңдиффуздық репродукцияларң теориясы. Берiлген тұжырымдамаға
сəйкес, екi (немесе одан да көп) елестердiң үйлесiмi былайша қалыптасады: субъектте
олардың əрқайсысы судағы шеңберлер тəрiздi басқа елестермен ассоциацияларының
ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дəл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
2) 
Ойлау үйрену ретiнде. Бұл жерде талдаудың негiзгi элементтерi болып,
қозғалыстық реакция жəне оларды үйлесiмге келтiру заңдылықтары бөлiнiп, шығады.
Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық
мiнез-құлыққа тəн емес. Сондықтан, ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық
практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Адамның психикалық өмiрiнң əмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен
байланысты. Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс əрi
берiк болады.
Ассоциациялардың төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша,
уақыттық немесе кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша.
Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т.
Цигень жəне т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi
жəне түсiндiрушi принципi ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн
түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тəуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен
қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке баланып, субъекттiң iс-əрекет
белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi кез-келген ақыл-ой
процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң
пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi.
Идеялардың репродукциясы (қайта өңделуi) сауалы ақыл-ой iс-əрекетiнiң
ассоциативтiк теорияның негiзгi мəселелерiнiң бiрi болып табылғандықтан, оны жиi
репродуктивтiк психология деп атаған.
Отандық психологияда ассоцианистiк тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен
зерттелiндi. Ассоциациялардың ойлау механизмi ретiндегi мəнi А.Ф. Эсауловпен ерекше
аталды.
2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген
бағыттардың бiрi. Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюльпе жəне К. Бюлер, ал
өкiлдерiне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц жəне т.б.
Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мəселелер: а) ойлаушы субъекттiң
белсендiлiгiн анықтайтын ұғымдарды шығару; ə) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi
ойлаудың қасиеттерiн сипаттау жəне мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң
психологиялық механизмдерiн түсiндiру.
Сəйкес əдiстеменi шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тəсiлдерiн
таңдау процесi мен қолдану сипаты субъектпен шешiлетiн нақты мiндеттерге
байланыстылығын атап өттi. Осылайша, вюрцбурлық мектептiң негiзгi қосқан үлесi –
ңмiндетң ұғымын енгiзуi (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi интроспекция əдiсiн
өзгерттi. Субъекттiң өзiнiң iшкi ойлары, елестерi, күйзелiстерi жөнiндегi есебi белгiлi-бiр
қойылған сұраққа жауапты iздеу, белгiлi-бiр мiндеттi шешу жолымен жүрдi. О. Кюльпе
ңОйлау психологиясың еңбегiнде ойлау мен ерiктi зерттеуде интроспекциялық əдiстi
қолданды. Зерттеген мəселелерi: ңэмпирикалық ойлауң деп аталатын жəне формалдық
логика заңдарына сүйенетiн ңтаза ойлаудың ң нақтылы жүзеге асуын көрсететiн
психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бiр қосқан үлесi - ңдетерминациялық
тенденцияларң тұжырымдамасын шығарып, негiздеуi. Басқаша айтқанда, бұл –
себептендiру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары
адамды түртiп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзiнен-өзi пайда
қалыптаспайды. Ол тiкелей сыртқы орта əсерiнен пайда болады.
Сезiмдiк елестер мен ойлаудың арақатынасын түсiндiруде бұлар мынадай пiкiрде
болды. Өз-өздiгiнен сезiмдiк елестер мен олардың кез-келген үйлесiмi тiптi оңай
логикалық есептi шешiп бере алмайды. Себебi, есептi шешу үшiн берiлген мiндеттiң
сезiмдiк көрiнiсiнен тыс, одан еркiн болатын, есептiң (мiндеттiң) шарттары мен мен
талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.
Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi ойлаудың басқа психикалық процестерден өзiндiк


ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi жəне т.б.
Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты.
Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зельц өз
алдына ойлау iс-əрекетiнiң қандай да бiр нəтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық
iс-əрекеттiң əрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау
əрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын
əрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.
О. Зельц мiндеттi шешу барысы мен тəсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi:
1) Арнайы реакция, яғни берiлген жəйтта қойылған мақсатқа сəйкес келетiн
объективтi қажеттi жауап.
2) Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.
3) Əдiс, яғни субъектпен мiндеттi шешу тəсiлi ретiнде саналанатын жəне
пайдаланылатын операция.
О. Зельц репродуктивтiк жəне продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде
ойлау процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң
құрылымымыен себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық
комплекстiңң ерекшелiгi – онда аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған
элементтi толтыру берiлген мiндеттi шешу нəтижесiн анықтайды. Мұның өзi негiзiнен
антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни əлi табылмаған шешiмдi алдын ала болжау
негiзiнде iске асады. Бұл кезде субъектпен мiндеттi шешуге қажеттi интеллектуалдық
операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi толықтыру, абстракция
жəне ұқсастықтарды қайта келтiру əдiстерi арқылы).
Осындай, проблемалық жəйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру
идеясы кейiн гештальтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы,
творчестволық ойлау зерттеулерiнде басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет