№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет74/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

1. Көрнекi-əрекеттiк ойлау - мəселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн
бақыланатын қозғалыстық əрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.
2. Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана
түрленетiн ойлау түрi.
3. Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау тiлдiң жəне тiлдiк құралдардың
көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен
сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.
Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.
1. Мəселенiң түрiне байланысты:
1) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен
ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.
2) Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн
(мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Бұл ойлау түрi кеңес ғалым-
психологы Б.М. Тепловпен едəуiр көп зерттелiнген.
2. Таным түрi бойынша:
1) Эмпирикалық ойлау - теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн,
жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрi.
2) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мəнiн
танып-бiлу.
3. Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша:
1) Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын
ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен
жəне т.б. зерттелiнген.
2) Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт
бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едəуiр
көрiнiс табатын ойлау түрi.
4. Əрекеттiң тəсiлдерi негiзiнде:


1) Вербалдық (сөздiк) ойлау - тiлдiк құралды пайдалану арқылы адамның өз пiкiрiн
тұжырымдауы, бiлдiруi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет