№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер)



Pdf көрінісі
бет78/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

5. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер). Бұл тұрғы танымдық
процестердi жасанды моделдеу негiзiнде белгiлi-бiр мiндеттердi шешу тəсiлдерiн табу
мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау жəне өңдеу каналы, компьютерлiк
жүйелердiң аналогы ретiнде ұғынылады. Есептердi шешу механизмдерi жəне оған қажеттi
жағдайлар (саналы елестер, əлеуметтiк тəжiрибе, тұлғаның мағыналық аумағы жəне т.б.)
ерекше когнитивтiк құрылымдар болып есептелiнедi. Танымдық ретiндегi адамның кез-
келген iс-əрекетiн талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нəтижелерге əкелумен қатар, бұрыс
тұжырымдарды да өмiрге келтiредi. Осылайша, когнитивтiк психология тұрғысынан ойлау
адам бiлiмдерiн жүйелейтiн, өңдейтiн, құрылымдайтын, реттейтiн танымдық процесс
болып табылады.
§ 4. Ақыл-ой операцияларының негiзгi түрлерi
Ойлау əрқашан анализ бен синтез процестерiнен басталады. Ойлау - түйсiк пен
қабылдаудағы анализ бен синтездiң жаңа мазмұнға ие болған түрi. Анализ дегенiмiз ой


арқылы түрлi заттар мен құбылыстардың мəндi жақтарын жеке бөлiктерге бөлу. Синтезде
ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ бен синтез –
бiрiмен-бiрi тығыз байланысты, бiрiнсiз бiрi болмайтын құбылыс. Бұл екеуi – бiрiнен бiрi
ешқашан ажырамайтын ойлау процесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi.
Анализ бен синтездiң негiзiнде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда
болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттерi айқындалады.
Ойлау операциясының күрделi түрi – абстракция жəне жалпылау. Шындықтағы
заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ойша
бөлiп алуды абстракция деп атайды.
Абстракцияның келесi түрлерi бар:
1. 
Шеттетушi абстракция – белгiлi бiр тұтастылықтан құбылысты бөлiп алу.
2. 
Жалпылаушы абстракция - құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.
3. 
Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.
Жалпы ұғымдар – абстракциялау принципiнiң нəтижесi.
Абстракцияға қарама-қарсы процестi нақтылау деп атайды. Нақтылау
абстракциялық ұғымды соған сəйкес келетiн жеке ұғымдармен түсiндiру, яғни жеке заттар
мен нəрселер туралы ой.
Жалпылау дегенiмiз – бiр тектi заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерiн оймен
бiрiктiру. Жалпылау үшiн заттардың ерекше маңызды белгiлерiн таба бiлу керек.
Жалпылаудың негiзiнде жаңа ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгiлi-бiр принцип
бойынша орналастыруды жүйелеу дейдi. Жүйелеудiң жоғары түрi топтастыру
(классификация).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет