№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет83/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   120
қайта жасау қиялы жəне шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ.
Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды
өзінің шығармашылық қиялының іс-əрекетімен толтырып отыруға тиіс.
Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мəні жаңа
образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір
қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал
шығармашылық қиялда адам əрқашан өзі қалаған нəрсесін жасай бермейді. Арманда
адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман-
шығармашылық іс-əрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми
ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада жəне тікелей объективті өнім
бермейді.
Арманның негізгі ерекшелігі, оның болашақтағы іс-əрекетке бағытталғандығында,
яғни арман-өзін қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа
қатысты өз жоспарын құрады да арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды
қарастырып, айқындайды. Бұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып
табылады.
Бірақ кейбір адамдар үшін арман тек іс-əрекеттің орнын ауыстырушы ретінде ғана
қолданылады. Олардың армандары тек арман күйінде ғана қалады. Мұндай құбылыстың


себептерінің бірі, олардың əрдайым сəтсіздікке ұшырауында. Бірқатар сəтсіздікке ұшырау
нəтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап ғана жүреді.
Мұндай жағдайда арман саналы, ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс
ретінде көрінеді. Арманның бұл түрі тек негативті құбылыс ретінде қаралмайды. Бұның
позитивті мəні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде.
Мысалы: Сəтсіздік көп жағдайда адамның негативті психикалық күйге түсуіне ықпал
етеді, яғни дискомфорт немесе депрессивті реакцияға түседі. Өз кезегінде негативті
психикалық күй адамның əлеуметтік- психологиялық адаптациясындағы қиындықтарға
себепші болатын, дезадаптивті бұзылулар мен қандай да бір аурудың преморбидті
сипаттамасын қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде көрінеді. Бұндай жағдайда
арман пайда болған проблемалардан уақытша кете тұруды қамтамасыз ететін
психологиялық қорғаудың өзіндік формасы түрінде роль атқарады.
Ол негативті психикалық күйдің нейтрализациясына жəне адамның жалпы
белсенділігі төмендеген кезде реттеу механизмдердін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал
етеді.
Айта кету керек, арманның бұл түрлері белсенді ерікті саналы психикалық процесс
болып табылады. Алайда, қиял пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен
сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады.
Егер ерікті немесе белсенді қиял əдемленіп жасалынса, яғни ол пассивті қиял
ырықты жəне ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Алдын-ала ойланып жасалынған мақстатты
түрдегі қиял ерікпен байланысты емес образдарды жасайды. Бұл образдар адамның
қиялында көрінеді. Адам өз қиялында өз күтіп жүрген белгілі-бір нəтижені ойлайды. Ал
қиял іс-əрекетті алмастыра бастаса, тұлғаның психикалық өмірінде үстем ала бастаса, бұл
психикалық дамудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл адамның шынайы өмірден алшақтап,
өзі елестететін əлемге кетуіне əсер етеді. Мысалы: мектеп оқушысы сабаққа дайындалмай
жəне дұрыс баға алмағасың, өзіне басқа бір өмірді ойлап табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет