Əрбiр сезiмде сəйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тəжiрибелерi шоғырланған.
Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан
сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мəнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде
бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Əйгiлi
орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде,
ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.
Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу,
адамның жан дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты
қызметтердi атқарады. Сезiмдердi функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш,
тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты параметрлермен сипаттауға болады.
Нақты адам, əлеуметттiк топтар жəне қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай,
эстетикалық объектiлер, iс-əрекет, бiлiмдер, мəдениет т.б. барлық мүмкiн заттары сезiмдер
мазмұны бола алады. Осыған сəйкес өнегелiк сезiмдердi (махаббат, сыйлау, жек көру жəне
т.б.), патриоттық сезiмдердi, дiни сезiмдердi, эстетикалық сезiмдердi, практикалық
сезiмдердi, интеллектуалды сезiмдердi т.б. бөлуге болады. Сезiмдердiң эмоционалды
боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды
боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен
тұратылығы сезiм бағытталған сəйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда
жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi
қаншалықты маңызды болса жəне онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған
болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi жəне тұрақты болады. Ең күштi жəне тұрақты
сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын
(орталығын) құрайды. Сезiмдер саналанудың тұрлi деңгейiне ие жəне белгi бойынша
ерекшеленедi.
Сезiмдердi тəрбиелеу жəне адекватты өзгерту психология, психиатрия жəне
психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың жəне ата-аналардың ғана
емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: