Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн
жəне қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi
дербестiк деп аталады. Дербес адам мəселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен,
сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады.
Дербес адам басқаның көмегiнсiз-ақ проблемалық жайттың бетiн ашады, оны
ескере отырып, алдына мақсат қояды. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп
отырмайды. Мұның үстiне ол өз көзқарасын, мiндет, мақсат жəне оны жүзеге асыру
жөнiндегi өз түсiнiгiн жалтақсыз дəлелдеп қорғай алады.
Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тəртiптiлiк сияқты басқа
да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едəуiр дəрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк
сапаларының даралана ұштасуы болып есептеледi.
Ерiктiң дамуы мен оны тəрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-əрекетi процесiнде жүрiп
отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне
байланысты қалыптасады. Мəселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi
ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мəнiсiндегi ерiктi əрекеттер бұл
кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы əрекеттер кейiн қалыптасады. Алғашқы кездерде
баланың тiлектерi тұрақты болмайды, тез бiр-бiрiне алмасып отырады. Тек төрт жасқа
қараған шағында баланың тiлегi азды-көптi тұрақты сипат ала бастайды. Баланың еркiн
тəрбиелеудi неғұрлым жас кезiнен бастау қажет. “Баланы жастан” деп халық бекер
айпаған. Ерiк тəрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын
қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор.
Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң
табысы болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп
дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi,
нəтижеде балада iс-əрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды.
Отбасындағы терiс тəрбиеге байланысты бала да қыңырлық пен кiрпияздық, шолжаңдаған
еркелiк қалыптасады. Бала тiлегiн қайтармай, құр мəпелей беру, iс-əрекетiн
ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына əкеп соғады.
Баланы отбасында тəрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тəртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тəртiптiлiгi
қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Өзiнiң тiлегiн нақты жағдайлармен салыстыру,
өзгелердiң ырқына бағындыра алу қабiлетi дамиды.
Ерiктiк қасиеттiң дамуында маңызды рөлдi мектеп алады. Мектеп балаға оқыту
процесi жүзеге асуға қажет бiрқатар талаптар қояды. Мəселен, мектеп оқушысы партада
белгiлi бiр уақыт отыруға тиiстi, мұғалiмнiң рұқсатынсыз ол сыныптас жолдастарымен
сөйлесе алмайды, орынан өз қалауынша тұрып далаға шығып кете алмайды. Осы
талаптардың бəрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына əсер етедi.
Баланың еркi дамуында дене тəрбиесiнiң де маңызы зор. Спортқа əуестендiру, дене
шынықтыру жұмыстары ретiне қарай жүрiп отыруы тиiс. Сонымен бiрге, өзiн-өзi
тəрбиелеу қажеттiлiгiн ұғындыру, ұлы адамдардың өнегелерi мен iстерiне елiктеу ерiктi
шыңдауға көмектеседi. Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап
қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi осы еңбек iс-
əрекетiнде жоғары даму дəрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде
маңызды рөл алды екен.