№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет92/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   120
§ 6. Жоғары сезiмдер
Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным
қажеттiлiктерiн оятатын көркем əдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары.
Кiтап арқылы адам өзiн жəне басқа адамдарның эмоциялық əлемiн таниды, өзiнiң
эмоционалды күйiн бағалайды жəне реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай
қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше,
есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан
ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы жəне ұйымдастырушы қызметтерiн
атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга
эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).
Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, əсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн
ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең
таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар
сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.
Адамгершiлiк сезiм демократия жəне гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн
қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, əр адамның өз халқы алдындағы
азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар
өздерiнiң кең рухани байлықтарымен жəне адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған.
Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Əл-Фараби, Абай,
Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты
жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жəйттердi,
құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн
жаңа бiлiм, тəрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.
§ 7. Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы
Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда
адамның бiреуге немесе бiр нəрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат
сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мəндi эмоционалды бастан кешiрулердiң
жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сəйкес эмоциялар
формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның əрекеттерi ылғи да бiзде
жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе
дұрыс емес ұстаса да) əркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi.


Əрбiр сезiмде сəйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тəжiрибелерi шоғырланған.
Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан
сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мəнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде
бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Əйгiлi
орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде,
ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.
Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу,
адамның жан дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты
қызметтердi атқарады. Сезiмдердi функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш,
тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты параметрлермен сипаттауға болады.
Нақты адам, əлеуметттiк топтар жəне қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай,
эстетикалық объектiлер, iс-əрекет, бiлiмдер, мəдениет т.б. барлық мүмкiн заттары сезiмдер
мазмұны бола алады. Осыған сəйкес өнегелiк сезiмдердi (махаббат, сыйлау, жек көру жəне
т.б.), патриоттық сезiмдердi, дiни сезiмдердi, эстетикалық сезiмдердi, практикалық
сезiмдердi, интеллектуалды сезiмдердi т.б. бөлуге болады. Сезiмдердiң эмоционалды
боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды
боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен
тұратылығы сезiм бағытталған сəйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда
жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi
қаншалықты маңызды болса жəне онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған
болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi жəне тұрақты болады. Ең күштi жəне тұрақты
сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын
(орталығын) құрайды. Сезiмдер саналанудың тұрлi деңгейiне ие жəне белгi бойынша
ерекшеленедi.
Сезiмдердi тəрбиелеу жəне адекватты өзгерту психология, психиатрия жəне
психокоррекция аймағындағы мамандардың, педагогтардың жəне ата-аналардың ғана
емес, қоғамның өте маңызды мiндетiн құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет