ПЕЙЗАЖ (фр. рау» — ел, жер)— әдеби шығармадағы жаратылыстың яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Жазушы әдеби шығармада көркем ойлаудың ажары ретінде, жаны есебінде, образдық-метафоралық жүйесінің арқауы сипатында табиғат келбетін үсталықпен пайдаланады. Жүсіпбек Аймауытовтың “Қартқожа” романында мынандай табиғат суреттері бар:
1. “Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар”.
2. “Жаздың бір түні, Көреген аспандағы көп жұлдыз көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылт етеді. Айдын келге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді”.
Ж. Аймауытов құлпырған табиғатты суреттеу үстінде соған үйлесімді, кестелі, өрнекті, нұрлы, сырлы, бейнелі сөздерді тудырған.Суреткер табиғаттың алуан-алуан кескін-келбетін кейіпкер басыңдағы қуанышты, шаттықты я болмаса шерлі, мұңлы күйлерге ыңғайлап отырады. Мәселен, Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек” романында Қара мұрт Ақбілектің өмірін қиып кеткісі келеді. Соны жазушы былайша өрнектейді:
“Ұйтқып соққан ызылдақ жел. Ай хоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сүрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды түншықтыратындай, аш тауықша селдір жүлдыз тарыларын бір-бірлеп қылқып жатыр. Жұлдыздармен бірге үміт сәуелелері де бір-бірлеп батып бара жатқандай. Ақбілектің сүм жүрегі әлденені сезгендей болады”. Ж.Аймауытов жансыз табиғат қүбылыстарына көркемдік мінездеме беріп, оған тән үйлесімді, жарасымды
сәулет дарытып, ой-қиялға, жан сезімге әсер ете алған. Көркем пейзаж жасау суреткердің дүниетанымының кеңдігіне, рухани және материалдық мәдениеттерді жете білуіне, бір-біріне жақындамайтын тегі басқа, тірлігі оқшау құбылыстарды орайластырып, жымдастыруға, алыс ұғым-түсініктерді бір-бірімен шеберқиюластыруға саяды.
Негимов С.
Көркем туындыдағы психологизм
Психологизм – адам өміріндегі болып жатқан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам өмірімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Әрине басты тұлға – адам болғандықтан, оның күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтсақ, бір-бірін алмастырып отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің
субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады. Осы жағынан алғанда іс-әрекет про- цесс ретінде көрініп, онда субъект-объект өріс-тері арасында өзара ауысу жүзеге асырылады.
Әрбір әдеби туындыда, фольклорлық жыр үлгілерінде, Орхон Енисей ескерткіштерінде де психологизм ұғымы табылған. Біз психологизм ұғымын әдебиеттен бөліп қарай алмаймыз, себебі психологизм әдебиет пен психология ғылымын жалғастырып тұрған дәнекер ұғым десек те болады. Бұл әлемде барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, ал психология ғылымы әдебиетпен жақынырақ байланыста. Себебі көркем шығарманың негізгі объектісі-адам болып табылады. Адамның қайғырғаны,
күлгені, күйіп-піскені, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы бәрі де көркем шығармада ап-айқын беріледі. Бұл қасиеттер мен сезімдер берілмесе, сол көркем шығарманы оқып отырған оқырман кейіпкерді тани алмайды, оны сезіне алмайды, себебі оқырман көркем шығарманы оқып жатып, кейіпкер қуанса – қуанады, қайғырса – қайғырады.
«Психологизм, сөз жоқ, реализмге апарар сүрлеу екені мәлім. Рас, ол әртүрлі көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады. Әйтсе де, нағыз реалист әдебиетте ғана психологиялық талдау нақты мазмұн тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Бұған дүние жүзілік әдеби процесстің даму заңдылықтары мен тарихы куә» [1,6]. Психологизм мен реализм арасында өткел жоқ, бір-бірімен байланысын үзе алмайтын ұғымдар. Адам жан-дүниесінің негізінде адам бетпердесі ашылады, демек, адамды жақыннан тани аламыз. Реализм – шындықтың негізгі бастауы.
Психологизм – әдебиеттану термині. Қазақ әдебиетінде енді ғана дамып, қанат жайып келе жатқан сала. Қазақ әдебиеттануында осы саламен айналысқан ғалымдарды атап өтетін болсақ: Б.Майтанов, Г.Пірәлиева, Г.Ержанова т.б. Жазушылар өз шығармаларындағы кейіпкерлерінің мінез-құлқын жан-жақты ашуға тырысады. Жазушы тілінің шеберлігі арқасында біз кейіпкерлерді сан түрлі қырынан тани аламыз десек те болады. Мысалы: «Сорлы Ақбілек! Сен жыламай кім жыласын! Тас емшегін
жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың. Келешектегі бақытты
өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің – соқпай жатып өрт болды. Жаңа піскен жауқазын – піспей жатып жоқ болды. Шамшырақтай жас жаның-жанбай жатып шоқ болды. Есіл ерке балалық – аяққа құйған астайын шолтаң етті – тоқталды. Жыла жасың бұла! Жасыңмен қайғы жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын!» Бұл шығарма Ж.Аймауытовтың белгілі «Ақбілегі». Бұл сөздер автордың шығарма кейіпкеріне арналған сөзі, автордың толғанысы. Авторы белгілі – Жүсіпбек Аймауытов. Бұл романды кейбір зерттеушілер тұңғыш психологиялық роман деп те атап жүр. Әрине бұл пікірге қосылуға болады. Автор шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекет барысында көрінетін көңіл-күй құбылыстарын өте көркем түрде суреттеген. Біз Ж.Аймауытовтың психология ғылымына байланысты жазған, яғни психология ғылымы жайында ең алғаш еңбек жазған ғалым екенін білеміз, ол әрине қазақ ғалымдары арасында. Автордың осы шығармада кейіпкерлер жан-дүниесін, мінез-құлқын керемет суреттегенін байқай аламыз.
Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы болды. «Қара сөзден адам тек ұғым алады дедік, ұғымның өзі керекті орынына қарай екі түрлі болады: 1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. 2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. Іс ұғымы арқасында таиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Сондықтан қара сөзді әңгімелер екі жақты болып келеді бір жағы ес ұғымымен болады, екінші жағы іс ұғымымен болады» [2, 56]. Біз ес ұғымы арқылы шығарма кейіпкерлерін танимыз, яғни задын, сырын, сипатын, мүддетін. Мысалы Ш.Мұртазаның Ай мен Айша шығармасында – кейіпкерлер мінезі, мақсаты айқын берілген. Әр кейіпкерлер міне-зін іс-қимылдары арқылы танимыз.
Әрине, көркем шығарманы оқып отырғаны-мызда ондағы кейіпкерлердің жан дүниесі ғана емес, оқырманға табиғат құбылыстары, шығармадағы ауа-райы құбылыстары да әсер етеді. «Осы оймен келе жатқанымда, ап-ашық аспанды бұлт торлапты. Тәңіртау көрінбей қалды. Әуелі Шақпақ жақтан желдетіп барып, артынан
себелеп жаңбыр жауды. Шаң тұтқан жусан мен дермен шөптің кермектеу иісі бұрқ ете қалды. Бізді аяп адамдар төкпеген жасты аспан төкті. Аспан бәрін сезеді. Аспан бәрін көреді. Ас-панның мейірімі түскен адам қор болмайды». Бұл шығарма жолын оқып отырып, адам жан дүниесін табиғатпен беруі суреттелгенін байқаймыз. Шығармада панасыз қалған, қараусыз қалған Айшаның ауылынан көшіп бара жатқандағы осы сәтін автор – бір түннің ішінде ауылын тастап, туған жерінен алыстап кетіп бара жатқан шығарма кейіпкерлерінің жан-дүниесіндегі құбылыстарды табиғат құбылыстарымен көркем жеткізген десек қателеспейміз. Бұл құбылысты психологиялық параллелизм деп атасақ қателеспейміз. Б.Майтанов та дәл осы құбылысты психологиялық параллелизм деп атап көрсеткен болатын. Б.Майтанов көңіл-күй қозғалыстарын табиғат құшағынан алынатын теңеулер екенін айтып кеткен еді. Осыдан барып психологиялық параллелизм туады. Мы-сал келтіре кетсек: «Түнгі ашық аспан» – уайым сұйылта алмаған сұлулықты білдірсе, «құлпырып шешек атқан жазғы гүл» – ашық күнгі аспанда толқыған көк мұнарамен ассоциативті контраст түзеді» [4, 16]. Осы пейзаж-дық көріністер қуаныш пен қайғының, үміттің символына айналған десек те қателеспеген болар едік.
Достарыңызбен бөлісу: |