Э п и к а л ы к, о бр а з — кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен қаракеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсірөсе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, тереқ әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі қандай эпикалық образды алмайық, бәрінен бұрын, біздің көз алдымызға оның сыртқы түрі, кескін-кейпі келеді: “басының құлақтан жоғары жері қаз жұмыртқасындай” жалтыраған, жалтұмсық, “не қылайыны жоқ” қатал сақшы — жалғыз көзбен жан біткенге “тесіле, сыздана қарайтын” Құнанбай, шуда сақалы “тағалы ат тайып жығылғандай тақыр иегінен” зырғанап шықшытына ұйлыға қалған Жұман, көзінде наз, ернінде “ерке күлкі, жұмсақ білегін” жігіт мойнына салса, “хош иіс, ыстық леппен” шарпып қалатын “мүсінді Мұкарама”, “салпы етек бөз көйлектің шалғайын жоғары көтеріп, ышқырлығына қыстыра сала” аузы-басы сүйрендеп өсекке кірісетін “тырыли арық Қарақатын…” Осы мүсіндердің қай-қайсысын болса да кез келген қыл қалам оп-оңай һәм айнытпай көшіріп, суретке салып ала қойғандай емес пе? Оны өз алдына десек, осынау Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында тұрған жоқ па? Міне, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, енді оның ішін білгісі келеді. Бұл ретте эпикалық жанр енді оның мінез-құлқын асықпай ашып танытуға, ойын, сезімін, тшті, сөз мәнері мен сөйлеу машығына дейін оқырман алдына жайып салуға мүмкіндік ‘береді. Мысал үшін, әлгі образ-дардың бәрін бас-басына талдап, тексеріп жатпай-ақ, Құнанбай мен Қара-қатынның мінездері мен сөздеріне аз-кем назар аударып байқайықшы!
Құнанбай көл-көсір кісілік болмысын, ағыл-тегіл ақыл-ойын, қырық катпар амал-айласын айтпағандая кан ішер қаталдығымен, найза бойламас тұңғиық әрі тоң мойын сұмдығымен дараланып шықса, Қарақатын тобық жасырмас жайдақ, жадағай құлқымен, жер ошақ басында шаңытқан көн-қоқыр өсек-аяңымен, өзге қатындардың өзінен қыл елі артықшылығын көрсе, өле жаздайтын іші тар, іш пыстырар, сол халге түсіп байқағысы келген адамды азып-тоздырар алапес, күйкі қызғанышымен ерекшеленеді.
Эпикалық образ —- бедерлі бейне; әрі нақты, әрі затты тұлға; кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, сөзін құлақпен есітуге, мінезін ұғуға, кимылын бақылауға болатын, бүкіл өмір жолын бар бұралаңымен байқауға, өскен ортасын күллі ойы-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарм