1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Әдебиеттану ғылымындағы мектептер: Психоаналитикалық мектеп



бет49/53
Дата26.07.2023
өлшемі317,81 Kb.
#104830
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет те

51.Әдебиеттану ғылымындағы мектептер: Психоаналитикалық мектеп
Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған.Бағыттар қатар да,әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады.Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы.Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Жеке сөздер, тіркестер қолжазбалар тарихын бажалайды. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бқл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биграфизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі.
Психоаналитикалық мектеп, яки фрейдизм. ХХ ға сыр дың
басында Австрияда көрініс берген бұл бағыттың негізін салу-
шы – психиатр, философ Зигмунд Фрейд. Ол әдебиеттің
әлеу меттік маңызын мойындамайды. Бір халық пен екінші
халықтың әдебиетін салыстыруды қа жет деп таппайды. Оның
назар аударатыны – суреткер санасының астарлы сырлары,
түйсіктің жұмбақ құ пиялары.
Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет, адам тір шілігін
бағыттайтын қуат көзі – нәпсі және қанға ұмты лу дейді. Осы
екі тезистен шығарып тұтас система жасайды. Адамның бүкіл
тіршілігін, оның өміріндегі әр кезеңде рін, шалыс басқан шақ-
тарын, қоғамдағы басқа адамдар мен қарым-қатынасын – бәрін
реттеп отыратын нәпсі деп біледі. Осыған шығармадан дәлел
іздейді. Психо-аналитикалық мектеп немесе Фрейдизм 20 ғ. Бас/да австрияда көрініс берген. Негізін салушы - З.Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Екі халықтың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, түйсіктің жұмбақ құпиялары. Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет- адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі нәпсі және қанға ұмтылу. Адамның қателіктері нәпсінің кесірі дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет