1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» ағымы, өкілдері



бет45/53
Дата26.07.2023
өлшемі317,81 Kb.
#104830
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет те

46.Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» ағымы, өкілдері.
Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.[1] Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан») дәуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат Мөңкеұлы1843-1906, Әбубәкір Кердері Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады. Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі. Асылық азған заманда,
Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,-
деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет