1. Егеменді Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуының негізгі кезеңдерін қалай жіктейсіз ?



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі21,3 Kb.
#137222
1   2   3
ТАПСЫРМА:

Тәуелсіз Қазақстан суретшілерінің шығармашылығына сипаттама беріп, 0-100 балл аралығында бағалау. Көлемі: 0,5-1 бет.


Өнер шеберлерінің шығармашылығын зерттеу бейнелеу өнері сынының бір сапасы болып


табылады.Жеке көркем шығармаларды талдау-бейнелеу өнері сынының бір саласы болып табылады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін салушыларының классикалық нысандары сол заманға сай этнографияға - киіз үйге, далаға, жайлауға, тұлпарға, халық мерекесіне қызығушылық танытқан еді. Ш. Сариев пен А.Садыханов сияқты суретшілер қазақи колорит пен пластика негізінде, жеке құбылыс арқылы тұрақты болмыс санаттарының тиімділігін көрсетті. 1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың ортасындағы ресми сынның көзқарастарына қарамастан, өздерінің бейнесін қазақи рух пен сезімтал көріністе сақтап қалды. Сол кезеңнің суретшілері ұлттық өнерге жақындататын осы стильдік ерекше бейнелеу құралдарын баса көрсете білгендіктен, біз олардың ұлттық болмыстың мүмкіндіктерін ашуға, тереңдетуге деген ұмтылысын көреміз. Бұл құбылысты ұлттық мұра, дәстүрлі өнер негізінде пайда болған ішкі түйсіктің серпілісі деп атауға болады. Картиналардан ұлттық сипат композицияның монументалдылығында, оның бірлігінде, байсалдылығы мен жинақылығында, түстердің экспрессивтілігі мен сәнділігінде көрсетіп отырғанын аңғаруға болады. Осылай біз қазіргі заман өкілдеріне керек ең маңызды факторды көрсеткенін көреміз.
Келесі кезең - 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің дарабоз суретшілері Ә.Қастеев пен А. Исмаилов шығармашылығындағы алғашқы қадамдары осы өнердің көркемдік процестерге ықпалын тигізіп, содан кейін X. Наурызбаев, М. Кенбаев, С.Мамбеев, Қ.Телжанов, Г.Исмайлова, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде қазақ кескіндемесіне кірген рухани басымдықтар стильдік көрсетілімдердің ең бай қырларының арасында сирек тұрақтылыққа қол жеткізгендіктерін айта аламыз. Бұл суретшілер шығармашылығындағы дала кеңдігі, жасампаз қазақ рухының асқақтығы сезіліп отырады. Шығармалардан қазақтың еркіндігінің иісі сол кезеңнің қиындығына қарамастан қазақ өнерін дамытудағы күштің барын сездіртеді. Сол себепті олар салып кеткен сара жолды жалғастырушылар еңбегі мен ізденістері әрқашан еркіндікпен аңқып тұратын болды.
2000-жылдардан кейінгі суретшілердің еңбектерін қарастыратын болсақ, жаңа тақырыптар мен жаңа толғаныстар сезіледі. Мысалы, О.Қабоке, Б.Сейсенханұлы, А.Нұрғожаев, Р.Слекенов, Д.Усенбаев, М.Сағындықова тағы басқа да суретшілер тізімін жалғастыруға болады. Бұл суретшілер шығармашылығы өте қызық, тіпті кімді болса да, еліктіріп әкетеді. Тақырып таңдаудағы суретшілер жетістігін ерекше атап өтуге болады. Себебі, суретшілер бұрыңғы кеңестік кезеңнің канондарынан бас тартып, еркін тақырыптарда өз шеберліктерін арттырып отыр. Бұл дегенім қазақ бейнелеу өнерінің еркін шабысының көрінісі десек қателеспейтін секілдімін.
Тарих - алтын сағат, сара жол, қайталанбас сәт. Әрбір кезең біз үшін, өскелең ұрпақ үшін маңызды әрі тым құнды болады. Суретшілер қауымы сол тарихты жандандырып, әр кезеңде, әр түрлі бағытта тарихи ескерткіштер тұрғызды, кенепте олардың таңғажайып, ерекше силуэттерін, портреттерін түсірді. Сол себепті, жоғарыда аталған әр кезең суретшілерін байланыстыратын сәт - ұлттық бейне болды деп санай отырып, олардың жұмыстарын жоғары деңгейде деп бағалаймын(95 балл). Бүгінгі күні Қазақстан бейнелеу өнерінің өзекті мәселелесі - Ұлттық құндылықты жоймай, келер ұрпаққа табыстау екендігін айтқым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет